«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына және құқық қорғау қызметіне алғаш рет орналасудың ерекшеліктері

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

19250-6-etika gossluzhashih vs ruБүгін мемлекеттік қызметке орналасу туралы сөз қозғалады.

 

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар жаңалықтар енгізілді. Олардың бірі - Мемлекеттік қызметке іріктеу кезіндегі бірыңғай құзыреттілік шеңберінің енгізілуі болып табылады. Жеке қасиеттерді автоматты түрде бағалау аясында үміткерлердің:

  • орындаушы лауазымдары үшін – өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық, өзара әрекеттесу, іс-әрекетті басқару;
  • төменгі буын басшылары үшін – шешімдерді қабылдау, көшбасшылық, ынтымақтастық, өзара әрекеттесу, жеделдік, өзін-өзі дамыту;
  • орта буын басшылары үшін – стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, көшбасшылық, шешімдерді қабылдау, іс-әрекетті басқару, ынтымақтастық және өзара әрекеттесудің даму деңгейі анықталады.

Құзыреттіліктер бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар негізі «Халыққа қызмет ету» қағидаты болып табылатын әрі қазіргі заманға сай келетін мемлекеттік аппарат талаптарына жауап береді.
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап заңнаманы білу тестілеуінен өту туралы сертификатты және жеке қасиеттерді бағалаудан өту туралы қорытындыны қолға берудің қажеттілігі болмайды. Осы аталған құжаттардың болуын персоналды басқару қызметі (кадрлар қызметі) «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеретін болады.
Өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған немесе осындай шешімді қабылдау үстіндегі әрбір адам қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте өзгерістер орын алып жатқандығын білген жөн. Мемлекеттік қызметке түсушілер, ең бірінші кезекте, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу енді «төменгі лауазымдардан» басталатындығына назар аудару қажет.
Ал «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына және құқық қорғау қызметіне алғаш рет орналасудың ерекшеліктері қандай?
Жаңа тәртіп 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес енгізілді. Мұнда «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді делінген:

  • уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;
  • уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;
  • «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Ол үшін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілген болатын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
21 ақпандағы бұйрығы).
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет орналасқалы жатқан азаматтарға қатысты 2016 жылғы желтоқсаннан бастап Заң нормасы енгізілді, мұндағы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтеді (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі бұйрығы).
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсуге үміткерлер мемлекеттік тілді және заңнаманы білу тестілеуінен өтеді. Ол үшін үміткер заңнаманы білу тестілеуінің бағдарламасын таңдап, E-gov немесе Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Корпорациясы (ХҚКО) арқылы тестілеуден өтуге тіркеледі (қаланы, күні мен уақытын таңдайды).
Тестілеуге жазылу тестілеудің өткізілу күні, уақыты, орны көрсетілген, «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын қолхат арқылы расталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерлерге тестілеуден өту туралы сертификат беріледі.
Екінші кезеңде (әдетте, заңнаманы білу тестілеуі аяқталған соң
20 минуттан кейін) үміткерлер жеке қасиеттерді, басқаша айтқанда, құзыреттіліктерді бағалау тестілеуін тапсырады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсуге үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді аяқтаған соң, тестілеу түрінде өткізілетін жеке қасиеттерді бағалаудан өткізіледі.
Заңнаманы білу тестілеуінен сәтті өткен үміткерлер уәкілетті орган арқылы айқындалатын тәртіпте және мерзімде жеке қасиеттерді бағалау тестілеуінен өтеді. Тестілеу нәтижесі бойынша үміткерге жеке қасиеттерді бағалау қорытындысы беріледі. Тестілеу нәтижесінде берілген қорытындылар берілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болып табылады.
«Б» корпусы лауазымдарына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне дұрыстық дәрежесін анықтауға арналған тапсырмалар енгізілген. Осындай тестілеудің 50%-дан төмен нәтижесін алған үміткерлерге бір айдан кейін ғана қайтадан тапсыруға рұқсат етіледі.
2018 жылы тестілеуге қатысқандардың саны - 4093, оның ішінде өткендер саны – 2117, тестілеуден өтпегендер саны - 1965 адамды құрады, ал 2017 жылы тестілеуге қатысқандардың саны - 4069, оның ішінде өткендер саны – 2093, тестілеуден өтпегендер саны - 2064 адамды құрады. Бұл көрсеткіштерден өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметке түсуші үміткерлер арасында заңнаманы білу тестілеуінен өткендердің саны өскендігі байқалады.
Осылайша, әкімшілік мемлекеттік қызметке және құқық қорғау қызметіне түсу бойынша жаңа тәсілдемелер үміткердің теориялық білімін анықтауға (заңнаманы білу тестілеуі нәтижесі бойынша) мүмкіндік береді. Ал жеке қасиеттерді бағалау үміткерлердің әлеуетін (мықты және әлсіз жақтарын), сондай-ақ олардың қабілеттерін, оның ішінде адамдармен жұмыс істеу икемділігін, стресске төзімділігін, көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Осының барлығы Қазақстанның мемлекеттік әкімшілік қызметі мен құқық қорғау қызметі сапасының артуына әкелуі тиіс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агентігінің
Павлодар облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Н. Жахин

 

 

Оқу 70 Время
Жаңартылды Friday, 08 February 2019 14:28

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)