«Латын емлесін сауатты меңгерудің тиімді жолдары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

Рейтинг
(1 Голос)
Жарияланды: Жаңалықтар

j0aZOX79RCgПавлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп «Латын емлесін сауатты меңгерудің тиімді жолдары (теориядан тәжірибеге)» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. 


Семинар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Инновациялық Еуразия университетінде өтті. Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Себебі латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. 

Іс-шара аясында латын әліпбиіне көшу үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми жағынан қолдаудың маңызды міндеттері белгіленді. Бұл ретте, болашақ педагог кадрларға қосымша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, латын әліпбиінде жазылған оқу-әдістемелік, мультимедиялық құралдар әзірлеу, латын әліпбиінде іс жүргізуді жолға қою, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және т.б. маңызды шаралар қарастырылды. 

 


GhCBXa1ZS2k97WnY5QfOqI





 

 

 

 

 

 

Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, магистранттар, ғылыми қызметкерлер, «Филология» мамандығының жоғарғы курс студенттері және мемлекеттік құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдардың қызметкерлері қатысты. 



Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 128 Время
Жаңартылды Thursday, 10 January 2019 10:00

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)