Қазақстанның студенттерінің Альянсы ең үлкен Республикалық ұйымының XV жыл сайынғы жиналысы

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

Janara1

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында 2018 жылдың 27-29 қараша аралығында Астана қаласының Оқушылар сарайының мәжіліс залында «Қазақстанды өзгерткен бастамалар» тақырыбында Nur Otan Talks пікірталас  алаңында  кезекті отырыс өтті.


Аталған іс-шараның спикерлері: «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Маулен Ашимбаев, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырали,  «Қайырымдылық» мейірімділік қоғамы» қорының директоры Аружан Саин.
Олар ел басының сіңірген еңбектері мен идеяларын жүзеге асыруда қосқан үлесі жайлы айтып өтті. Қазақстанда  қоғамның дамуына тұрақты іргетасын құруға мүмкіндік берген, Президентіміздің әлеуметтік инициативалары болып саналады.
Сонымен қатар осындай үлкен іс-шараның белсенді қатысушылары Қазақстанның барлық Жоғары оқу орындарының студенттері болды. Соның бірі (ИнЕУ) Инновациялық Еуразия университетінің «Бизнес, білім және құқық» факультетінің студенттері – Сериков Алтынбек Айтпаевич және Степчук Валерия . Олар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың азаматтығы мен патриотизміне белсене қатысқаны үшін «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық қозғалысының көшбасшысы Ильяс Тустикбаевтың алғыс хатымен марапатталды.                  

 

Соңында «Бизнес, білім және құқық» факультетінің Деканы Смагулова Зубираш Қалыбековнаға, экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі- Амирова Марал Ақбаевна, э.ғ.к., экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы – Беспалый Сергей Владимировичке алғысымды білдіргім келеді және
Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқарманың өкілі Нұрланова Камилла Бауыржановнаға, сонымен қатар іс-шараның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне алғысым шексіз

Janara2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен еліміздің ЖОО-ның беделді факултетінің  студенті болғаныма мақтан етемін, біз тек қана жоғары білім ала қоймай, жан-жақты дамып, қызметтің әртүрлі салада өзімізді танытып, өз қабілеттерімізге, күшімізге сенімді болып өмірде қажетті екеніме қуанамын.  

Ізгі ниет құрметпен,

«Бизнес, білім және құқық» факультеті

МЖБ(қ)-102 топ студенті

 

Сериков А.А.

 ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

 

 

Оқу 25 Время
Жаңартылды Wednesday, 05 December 2018 14:05

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)