ИнЕУ-де фото-видео клуб!

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 2828ИнЕУ-де фото-бейне клубтың алғашқы отырысы өтті. Юрий Аркурс пен Джоэл және  Итан Коэны сияқты болғысы келетін студенттер клубтың мүшелері болды.


 

Шығармашылық қоғамдастық камераны пайдалана алатын, бұл істе тәжірибесі барларды да, суретке, түсіру, бейнеролик жазып, оны монтаждауды үйренгісі келетіндерді де қабылдайды. 

Әр апта сайын қаладағы белгілі тәлімгерлер клуберлер үшін фото және бейне түсіру бойынша шеберлік сыныптар жүргізетін болады, сонымен қатар өз жетістіктерінің тарихымен бөліседі. Бірінші сабақты «Ради тебя зачёт» фильмінің продюсері, «В активном поиске» романтикалық комедиясының режиссері Дастан Искаков өткізді. Ол бейнетүсірілімнің неден басталатынын, команданы қалай жинап, осы салада ары қарай қалай жылжу керектігін айтып берді. 

IMG 2821IMG 2829

 

 

 

 

 

 

 

Дастан Искаков фото-видео клубқа қатысушы студенттермен кездесуге тағы да келуге сөз берді. 

Айтқандай, біздің ЖОО-да қызығушылық бойынша басқа клубтар да жұмыс істейді. Онда студенттер тілдерді үйренеді, пікірталастар өткізеді, КВН ойнайды және т.с.с.

Фото-видео клубқа жазылу бойынша төмендегі телефонға хабарласыңыздар: 

+7 747 206 5343 Жетекші Онгар Нурахметов    

 ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

 

 

Оқу 122 Время
Жаңартылды Tuesday, 18 September 2018 12:22

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)