"Педагогика және спорт" кафедрасында психологияның әдістемелік апталығы жалғасып жатыр

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

WhatsApp Image 2018-09-12 at 12.17.19"Педагогика және спорт"  кафедрасында бейіндік әдістемелік апталық аясында «Психологиядағы зерттеу әдістері» тақырынбында бинарлы сабақ өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

WhatsApp Image 2018-09-12 at 12.17.18

Психология ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті Екатерина Михайловна Раклова мен «Психологиялық қолдау және денсаулық орталығының» практикалық психологы Лариса Федосовна Зуева өткізетін, тренинг элементтері бар осындай дәрістер беру өте тиімді және студенттер мен тыңдаушылардың қызығушылығын туғызады. «Психологиядағы зерттеу әдістері» көрсетілген осы бинарлы сабаққа ПХ-102 тобының бірінші курс студенттері қатысты. Жастардың белсенділігі олардың сабақ тақырыбына деген қызығушылығымен шартталған. Аутофобиямен ауыратын (жалғыздықтан қорқу) адам мысалында студенттер өз ұсынымдарын жасады, оларды мамандар қабылдады. Атап айтқанда, әрдайым қызықты немесе пайдалы іспен айналысу ұсынымы адамға жалғыздық туралы ойдан арылуға көмектеседі. Осындай бинарлы сабақтар бірлескен шығармашылық және ойлау дағдыларын дамыту отырып, педагог пен зерделенетін пәнмен байланыс орнатуға ықпал етеді. Мұндай сабақтар студенттердің ғылыми көзқарасын және пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың шығармашылық ойын ынталандырады, ғылымда өз орны мен міндетін түсінуге ықпал етеді.

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі
«Педагогика және спорт кафедрасының ақпараты бойынша


 

 

Оқу 186 Время
Жаңартылды Thursday, 13 September 2018 16:15

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)