ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ИнЕУ-дің IТ-орталығында

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

deputatyҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» партиясының «IТ-мамандарды даярлау» жобасы аясында Инновациялық Еуразия университетінің (ИнЕУ) IТ-орталығында болды.


ИнЕУ ректоры Марат Баяндин қонақтар - Айгуль Нуркина, Айзада Курманова, Анар Жаилганова мен Александр Сусловқа жобаның басты мақсаты – болашақта ІТ-сыныптарда сабақ жүргізіп, ІТ-стартаптар жасай алатын білікті мамандарды даярлау екенін айтты.
Бүгінде аймақтағы тұңғыш және республикада алғашқылардың бірі – ИнЕУ-дің IT-орталығында қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған 20 адам білім алуда.

2  3

4  5

6  7

- Павлодар облысында IT-орталықтар нәтиже беріп жатқаны жақсы. Жас ұрпақ төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамып жатыр. Мы убедились в ИнЕУ-де IT-орталықтың жабдықталғанына және білікті оқытушылар құрамымен қамтылғанына көзіміз жетті. Нәтижесінде тамаша мамандар аламыз, - деп, атап өтті А.Суслов.
Естеріңізге сала кетейік, IТ-мамандарды даярлау курстары «Атамекен» ҰКП-мен бірге «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша қазақстандықтардың сандық сауаттылығын көтеру және білікті IТ-мамандарды даярлау мақсатында бүкіл елде құрылып жатыр. Болашақта олар өздерінің ІТ-стартаптарын да жасайды, ІТ-сыныптарда оқыта да алатын болады. Жобаны іске асыру аясында бүкіл ел бойынша 100 мың адамды оқытып, оларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету жоспарлануда.

 ИнЕУ-дің баспасөз орталығы
Ризабек Исабеков

Оқу 438 Время
Жаңартылды Wednesday, 11 July 2018 12:14

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)