Академиялық ұтқырлық: Тыва республикасы

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

Национальный музыкально-драматический театр имени Виктора Шогжаповича Кок-оолаТыва республикасы – географиялық орналасуы мен мәдени мазмұны жағынан таңқаларлық орын. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бизнес, білім және құқық факультетінің студенттері Диана Койчубаева, Виктория Санюта, Камила Зарыкканова  мен «Педагогика және спорт» кафедрасының доценті Татьяна Маратовна Кравцова осынау бір қызықты жерге барып қайтты.

 

Студенттер екі апта бойы Тува Мемлекеттік университетінде «Разработка управленческих решений», «Инновационное предпринимательство», «Статистические методы исследования социально-экономических процессов» және «Управление персоналом» сияқты пәндерді зерделеді.

Татьяна Маратовна Кравцова серіктес ЖОО-ның оқытушыларына «Эффективные техники презентации» атты біліктілікті арттыру курстарын, сонымен қатар Чагытай көліндегі лагерьде жас кәсіпкерлерге арналған шеберлік сыныбын өткізді.

Көрген-білгенімізден алған әсерлерімізбен бөлісеміз? Назар аударыңыздар, келесі жылы сізде де осындай осындай мүмкіндік болып қалар!

Виктория Санюта: "Бізге Чагытай көліндегі жазғы кәсіпкерлік лагерьде болу және туризммен байланысты конференцияға қатысу мүмкіндігі бұйырды. «Актуальные проблемы исследования этноэкологических и этнокультурных традиций народов Саяно-Алтая» атты конференцияның «Этноэкономика в век глобализации» секциясында біздің команда 2-орын алды. Бұл керемет болды!"

Летний лагерь на озере Чагытай

Диана Койчубаева: "Оқумен қатар бізге мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылды. Біз «Хомей» тамақпен ән салудың асқан шеберлерінің халықаралық этномузыкалық симпозиумы өткен Виктор Шогжапович Кок-оол атындағы ұлттық музыкалық-драма театры сияқты көрнекі орындарға бардық. Естімегендер сөйлеу аппаратының көмегімен осындай дыбыс шығарудың мүмкін екендігін елестете алмайды. Бұл ысқырық та, құбылған дыбыс та, музыкалық құбылтулар да. Бір қызығы, симпозиумда были Америка, Жапония, Түркия, Финляндия, Испания және өзге елдердің өкілдері болды. Барлығы өте өзгеше және өздерінің этникалық топтарының стилінде, бірақ міндетті түрде Хомей шеңберінде орындады".

Виртуозы Хоомея

Татьяна Маратовна Кравцова: "Тыва Республикасының Алдан-Маадыр атындағы ұлттық музейінде сақтардың алтындары мен этнографиялық, археологиялық және жаратылыстану-ғылыми коллекциялары сақталған. Одан бөлек музейде табынушылық және дәстүрлі өнерге, естелік оқиғалар мен халықтың тәжірибесіне арналған залдар – шаманизм, буддизм және православие, Туваның тас қашау өнері коллекциялары, құжаттар, кітаптар және т.б. бар. Бұл музейде Сергей Шойгудың көркем жұмыстарының белгілі көрмесін тамашаладық. Оның туындылары жанды әрі тіл қатып тұрғандай көрінеді. Өкінішке орай, музейдің бүкіл жерінде суретке түсіруге болмайды. Патшалар қорғанынан табылған заттар, нақтырақ айтсақ, алтын әшекейлер сақталған залда суретке түсіруге тыйым салынған. Заттар көп емес. Бірақ алтынды өңдеу шеберлігі қандай да бір бағалаудан жоғары!"

Выставка работ С.Шойгу

Камила Зарыкканова: "Біз термальды және емдік бұлақ көздеріне бардық, олардың бірі «Бобры» қасиетті бұлағы ретінде белгілі. Алдын-Булак этномәдени кешенінде болдық, мұнда үлкен киіз үйлер Енисей бастауы мен Саян тауының көркем көрінісімен қоршалған. Сондай-ақ біз Догээ тауына шықтық. В связи с возрождением национальных и духовных ценностей Туваның ұлттық және рухани құндылықтарының жаңғыруымен байланысты Догээ буддизмнің аса құрметті орындарының бірі деген мәнге ие болды. Оңтүстік батыс жоталар беткейлерінің бірінде ұзындығы 120 метр және ені 20 метрлік ақ түске боялған тастардан «Ом мани падме хум» мантрасы жазылған. Бұл өте әсерлі болды!"

Святой источник Бобры Священная гора Догээ

Правительство Республики Тыва

Культурно-этнический комплекс Алдын-Булак Центр Азии Центр Азии 1

Шынымен, академиялық ұтқырлық бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты болды. Сабақтар, конференция және жылы шырайлы тувалықтармен қарапайым кісілік қарым-қатынастар мол әсер қалдырды. Тува мемлекеттік университетінің басшылығына, оқытушылары мен студенттеріне жақсы қарсы алғандары үшін, мазмұнды және қызықты бағдарлама үшін алғысымызды білдіреміз!

психол. ғылымд.к., «Педагогика және спорт» кафедрасының доценті Татьяна Маратовна Кравцова,
ББжҚФ студенттері Виктория Санюта, Диана Койчубаева, Камила Зарыкканова

Оқу 273 Время
Жаңартылды Tuesday, 10 July 2018 17:45

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)