Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне сапар

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

1Первый день в КЭУ КазпотребсоюзаБірнеше жыл болды біздің студенттеріміз академиялық ұтқырлық баңдарламасы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне барып жүр.  

 

Бизнес, білім және құқық факультетінің студенттері Саина Кудайбергенова, Роза Токсамбаева, Ризахан Нуралинов, Сапарбек Кудайбергенов, Айсана Алимгазинова, Айғаным Балғабек пен Зарина Тастамбаева екі апта бойы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқып келді. Осы аралықта олар «Қытай тілі», «Араб тілі», «Основы противодействия коррупции», «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы», «Әлемдік қонақжай индустриясы» және «Политическое лидерство» сияқты пәндер бойынша дәріс тыңдап, қосымша кредиттер алды.

В музее   В музее 3

Оқу ғана емес, мәдени бағдарлама да мазмұнды болды. Серіктес ЖОО-ның студенттері Қарағанды қаласының көрнекі орындарын көрсетіп, ЖОО-ның даму тарихымен таныстырды. Карлаг саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі ерекше әсер қалдырды. Зәреңді алатын камералар, сирек экспонаттар, лагерьдің еңсеңді басатын атмосферасы – дегенмен, бұның бәрі еліміздің тарихының бір бөлігі…

В музее 2   Последний день в Караганде

Сапар да, бағдарлама да біздің студенттерімізге өте әсер етті, біздің серіктесіміз – Қазтұтынуодағының ҚЭУ-не алғысымызды білдіреміз.

э.ғ.к., доцент, PhD
ИнЕУ-дің бизнес, білім және құқық факультетінің деканы
Зубираш Калыбековна Смагулова
(студенттердің суреттері пайдаланылды)

Оқу 50 Время
Жаңартылды Tuesday, 10 July 2018 10:20

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)