Демалыстарды қалай өткіземіз?

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

W 8-hi2yI5QАптаның соңында өзімізге осы сұрақты қоямыз. Осы демалыстарда табиғат аясына шығу мүмкін бола қоймас, ауа райы болжамы бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады және қатты жел. Біз уақытты қалада жақсы өткізу үшін қызықты оқиғалар топтамасын дайындадық. 

Бүгін «Ertіs Promenade» төменгі сахнасында сағ. 17-ден 19.00-ге дейін Бүкіл әлемдік нашақорлықпен күрес күні аясында «Есірткісіз әлем» атты фестиваль өтеді. Бағдарламада: жаттығу, жаппай жүгіру, конкурстар және концерттік бағдарлама.

30 маусымда Бизнес, білім және құқық факультетінің түлектеріне бірінші кезекте жоғары білім туралы дипломдарын алу керек! Естеріңізге сала кетейік, дипломдарды салтанатты табыс ету рәсімі бас ғимараттың салтанат залында өтеді.

  • 10.00 - Күндізгі оқу
  • 12.00 - Сырттай оқу (екінші жоғары, оқытудың қысқартылған нысаны)
  • 15.00 – Магистратура

Усолка өзенінің акваториінде «Павлодарская гавань» атты су-спорттық мереке 30 маусым күні 10-нан 16.00-ге дейін өтеді. Көрермендер әлеуетті құрылымдар, әскери-патриоттық клубтар мен экологтар экипажы бар шағын кемелердің шеруін, сонымен қатар скутерлермен жарыстарды, сүңгуірлер мамандығы туралы шеберлік сыныбын, жаппай жүзу және т.б. тамашалай алады.

«Құлагер» ипподромының аумағында (солтүстік өнеркәсіптік аймақ 45) да 30 маусым 11.00-де автожарыс басталады. Бағдарламада автокөрме, автодыбыс, фотокөрме.

«Астана» мұз сарайында «Летний лёд» атты мәнерлеп сырғанау фестивалі сенбі күні сағ. 12.00-де өтеді. Кіру тегін.

 ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

 

Оқу 155 Время
Жаңартылды Friday, 29 June 2018 15:36

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)