ИнЕУ-дің жас оқытушыларына арналған семинарлардың тақырыптары: «Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру түрлері мен технологиялары», «Студенттердің өздік жұмыстарына күрделі сұрақтар құрастыру», «Студенттердің өздік жұмыстарын жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді, фильмдер, ребустар, картиналарды пайдалану» және «Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру».
Қорытынды семинарда әріптестер студенттермен өздік жұмысы бойынша жаңа білімді және дағдыларды қолдану нәтижелерімен бөлісті, сонымен қатар жылдық білімдерін түйіндеді.
Айнаш Оспанова,
ИнЕУ-дің «Өнеркәсіптік инжиниринг және
дизайн» кафедрасының профессоры