Біз ядролық қарусыз бейбітшілікті қолдаймыз!

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

без имени-7478Ядролық қаруға қарсы Халықаралық жастар альянсының бірінші онлайн-конференциясы «Право не молчать!» ұранымен Инновациялық Еуразия университетінде өтті.

 

Конференцияға «Невада – Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың Павлодар бөлімінің өкілдері, «Самал» қоғамдық бірлестігінің белсенділері мен ИнЕУ студенттері қатысты. Москва, Алматы және Бішкектен келген жастар альянсының қатысушылары сөз сөйледі. Оларды біріктірген мақсат бір – өз елдерінің жастарын бірлескен бітімгерлік қызметке жұмылдыру.

- Біз үндемей қалмау үшін, өз үрейімізге қарсы келу үшін бас қостық,- деді Ядролық қаруға қарсы Халықаралық жастар альянсының тең төрағасы Игорь Пащенко кіріспе сөзінде. Ол ядролық қарудың таралуына қарсы, зорлық-зомбылықсыз және қауіп-қатерсіз әлемге бағытталған белсенді қызмет жүргізу үшін бірігуге шақырды. Ресейде және Қырғызстанда бітімгерлікпен белсенді айналысатын жастар өздерінің аталмыш қызметтері мен осы салаға жастарды тарту тәжірибесімен бөлісті.

 

без имени-7476без имени-7475

Біздің аймақтағы статистика жағдайы мүшкіл, 15-30 жас аралығындағы жастардың бітімгерлік қызмет туралы түсініктері де жоқ. Әлеуметтік пікіртерім нәтижелері жайлы Ядролық қаруға қарсы Халықаралық жастар альянсының Павлодардағы үйлестірушісі Алена Стецкая айтып берді. ИнЕУ студенттері – конференцияға қатысушылар альянсқа қосылып, Қазақстан жастары арасында бітімгерлік қызметті көпшілікке таныту жолындағы қозғаушы күш болады.

без имени-7510без имени-7482

Талқылауға арналған тағы бір тақырып 2018 жылғы 6-10 тамыз аралығында Астанада өтетін бітімгерлік жазғы лагерьді ұйымдастыру болды. Лагерьде «Невада – Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының лидері – Олжас Сулейменов сөз сөйлейді.

без имени-7514

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

 

Оқу 285 Время
Жаңартылды Thursday, 07 June 2018 09:48

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)