Академиялық ұтқырлықтың жазғы мектебі ашылды!

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 7364

Инновациялық Еуразия университетінде академиялық ұтқырлықтың жазғы мектебі ашылды. Осымен, міне, бес жыл қатарынан ИнЕУ-дің серіктес ЖОО-ларының студенттері мен оқытушылары біздің университетке келеді.

 

Биыл Тува мемлекеттік университеті экономика мамандығының үшінші курсының 10 студенті және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен үш студент өз білімдерін жетілдіруге келді. ИнЕУ кәсіпкерлік ЖОО ретінде дамып жатқаны баршаға мәлім, сондықтан зерделеу үшін таңдалып алынған пәндер қатарында: «бизнес-идеяларды генерацилау және патент алу», «бизнесті жүргізу» және «көшбасшылық психологиясы».
Қонақтарды ИнЕУ-дің бірінші проректоры – инновациялық даму жөніндегі проректор, ветеринария ғылымдарының докторы Евгений Никитин қарсы алды.
- Біздің оқытушыларымыз ИнЕУ студенттері алып жатқан білімді беру үшін барлық жағдайды жасайды, - деді проректор.

IMG 7365IMG 7362

IMG 7369IMG 7371

 

Тува университетінің оқытушысы Андрей Эреге біздің ЖОО-ның оқытушыларына Ұйымда бренд-менеджментті дамыту тақырыбы бойынша семинар өткізеді.
Сондай-ақ, қонақтарды қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарлама күтіп тұр. Студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді студенттері оларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырып, Павлодардың ең әдемі жерлерін көрсетеді.
Айтқандай, жақында ИнЕУ-дің Бизнес, білім және құқық факультетінің студенттері де бірнеше пәнді меңгеру үшін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне кетті. Ал 20 маусымда басқа студенттер Тува мемлекеттік университетіне барады, олар Чагатай көліндегі жазғы кәсіпкерлік лагерьде болып, туризммен байланысты конференцияға қатысады.


ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 268 Время
Жаңартылды Tuesday, 05 June 2018 17:51

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)