ИнЕУ IPRbooks электрондық кітапхана жүйесін пайдалана алады

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IPRbooks Құрметті студенттер, оқытушылар және кітапхана қызметкерлері!  Біздің университетке 2018 жылғы 4-25 маусым аралығында IPRbooks электрондық кітапхана жүйесін тегін тестік пайдалануға рұқсат берілді.

Жұмыс істеу және жұмыс бағдарламаларына қосу үшін қолжетімді болатын басылымдар тізімімен iprbookshop.ru сілтемесі бойынша таныса аласыздар.
(Каталог онлайн режимде өзекті және әр басылым үшін ЭКЖ-ға орналастырудың кепілді мерзімдері туралы ақпарат ұсынылған).
IPRbooks ЭКЖ — біздің оқу орнымызда жүзеге асырылатын оқыту бағыты бойынша лицензиясы бар оқу және ғылыми әдебиетті, мерзімді басылымды, аудиокітаптар, бейнекурстар, онлайн тестерді біріктіретін бірегей ресурс.
IPRbooks ЭКЖ ресурсы жаңа ақпараттық технологияларды және оқытудың әр түрлі бағыттарына арналған лицензиялы оқу әдебиетін біріктіреді, сіз олардың көмегімен қажет білім алып, семинарларға, сынақтар мен емтихандарға дайындалып, керек жұмыстар мен жобаларды орындай аласыз. Оқытушыларға IPRbooks ЭКЖ оқу жоспарлары мен ПЖЖ құрастыруда, сабаққа дайындалу және өткізуде, әріптестеріңіздің жаңа жарияланымдары туралы ақпарат алуда пайдалы болады.
IPRbooks ЭКЖ 127 000-нан астам басылымды қамтиды, олардың ішінде 40 000-нан астамы әр түрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми басылым, 700-ге жуығы ресейлік және шетелдік журналдар, 2000-нан астамы аудио басылымдар. IPRbooks ЭКЖ контенті федеральдық, аймақтық, ЖОО-лық баспасөздің, ғылыми-зерттеу институттарының, жетекші авторлық ұжымдардың 700-ден астам басылымынан құралады, олардың мазмұны жоғары, орта кәсіптік, қосымша кәсіптік білімнің білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді және күн сайын жаңа өзекті басылымдармен толықтырылып тұрады.
Пайдаланушыларға арналған логин және пароль (пароль барлығы үшін біреу, сосын олар жүйеде өздігінен тіркеуден өтеді):

логин — ineu.kz
пароль — rmqcnsC5

Жүйеге кірген соң жеке тіркеуден өтіп, ары қарай әр түрлі сервистер мен ЭКЖ технологияларын пайдаланып, өзінің есепке алу деректерімен жұмыс жасай береді.


ИнЕУ-дің ғылыми кітапханасы

Оқу 361 Время
Жаңартылды Tuesday, 05 June 2018 17:48

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)