Солтүстік полиция бөлімінің басшысы заңгерлерге VIP – дәріс оқыды

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

хам1Солтүстік полиция басқармасының басшысы подполковник Данияр Бекетович Бек студенттерге Ішкі істер органдарының қызметі туралы,  «Құқықтану» мамандығының студенттеріне қызметке кіруге қойылатын талаптар, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып берді.

 

 

 

 

 

Студенттерге, сонымен қатар профессор, заң ғылымдарының докторы, «Құқық және тарих» кафедрасының меңгерушісі Амангельды Шапиевич Хамзин сөз сөйледі. Ол оқыту мен тәжірибе арасындағы байланысты ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасының құқық қорғау институттары жүйесінде ішкі істер органдары маңызды рөл атқарады. Соңғы уақытта осы жүйеде жұмысқа орналасу беделінің артуы байқалды. Болашақ және қазіргі ІІБ мамандары үнемі практикалық және теориялық деңгейін арттырып отыру қажет. Инновациялық Еуразия университеті бұл аспектіде бакалавриат, магистратура және докторантураны қамтитын заңгер мамандарды көпдеңгейлі даярлау жүйесін ұсынады.

 

хам2  хам3

Алена Александровна Илюсизова
педагогика магистрі, "Құқық және тарих" кафедрасының аға оқытушысы

Оқу 227 Время
Жаңартылды Tuesday, 15 May 2018 13:17

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)