«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» біздің университетте

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

 

s 1 yanvarya 2018 goda vstupyat v silu izmeneniya v poryadok pensionnyh vyplat iz enpf publish picӘр сейсенбі сайын, зейнетақы қорының барлық қызметтерін ұсынуға дайын БЖЗҚ-ның қызметкері біздің университетімізде студенттерге қызмет көрсету орталығында (М.Горький к-сі, 102/4, № 208 каб.) жұмыс істейді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Құрылтайшысы және акционері Үкімет болып табылады, ал қордың зейнетақы активтерін сенімді басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қызметтері Президент басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:

  • міндетті зейнетақы жарналарын және кәсіби зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады;
  • жинақталған зейнетақы қаражатын жеке есепке алуды жүргізеді;
  • салымшыға өзінің жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпарат береді.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен және жеке зейнетақы шотын ашуға өтініш бере отырып, «БЖЗҚ» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне өтініш жасайды. Немесе сенімді тұлға арқылы нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын сенушінің атынан ашуға болады, немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қордың сайтында жасай аласыз – www.enpf.kz.

Павлодар  қ. «БЖЗҚ» АҚ офистері  келесі мекенжайда орналасқан: Исиналиев к-сі 1, тел.: 618116 және  Естай к-сі 61/2, тел. 618134.

«БЖЗҚ» АҚ;
«Qamqor» ҚСҚО

 

Оқу 290 Время
Жаңартылды Friday, 13 April 2018 16:19

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)