«Ғалым мектепте» - акциясы жалғасуда!

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 5287ИнЕУ-дің оқытушылары мектеп оқушылармен өз жетістіктерінің тарихымен бөлісуді жалғастырады, балаларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және қойған мақсаттарына жетуге ынталандырады. Бұл жолы «Бизнес, білім және құқық» факультетінің деканы Зубираш Смагулова №7 мектептің он бірінші сынып оқушыларымен кездесті.

Зубираш Смагулова - экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, доцент, Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыды және Швейцариядағы бизнес мектебінде тағылымдамадан өтті. Зубираш Калыбековна ағылшын тілінде тренингтер мен лекцияларға үнемі қатысады, сонымен қатар оқытады. Тайм-менеджмент және тиімді жоспарлау бойынша тренингтер өткізеді. Өз білімін үнемі тереңдетіп, өз дағдыларын жетілдіреді.

IMG 5301IMG 5319


Зубираш Смагулова балаларға біздің университет ерекше көңіл бөлетін үш негізгі құзырет туралы айтып берді, бұл: IT-технологиялар, ағылшын тілі және кәсіпкерлік. Қазіргі заманда осы үш бағытта тиісті білімің болмаса, өз ісіңді бастау, танымал және бәсекеге қабілетті маман болу қиын. Мектеп бітірушілеріне болашақ кәсібі мен жоғары оқу орнын таңдауда көмектесу үшін Зубираш Калыбековна «SMART» жүйесі – мақсаттарды қою мен тұжырымдаудың тиімді технологиялар туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар қазіргі сәттегі ең маңызды мақсаттарын анықтау бойынша өмірлік лайвхактармен бөлісті.

IMG 5326

ИнЕУ-де 9-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін Жас кәсіпкер мектебі жұмыс істейді, менторы – Зубираш Смагулова. Сабақтар демалыс күндері өткізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Марал Акбаевна Амирова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі: +7(705)6023275
Анар Толеутаевна Кайдарова, жобаның жетекшісі: +7(701)3661273

 ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 174 Время
Жаңартылды Tuesday, 13 March 2018 12:01

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)