Қайырымдылық жәрмеңкесі

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

20180303 115333ИнЕУ-дің Инженерлік-технология факультетінің студенттері жақында Надира Аухадиеваны қолдау ретінде қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оқытушылармен бірге, студенттер бас ғимараттың холында кондитер өнімдерін сатты.

Надира Аухадиева – көптеген зерттеулерден өткен,  химиотерапия және ең қорқыныштысы, аяғының толық ампутациясын жасаған Алматы қаласының нәзік қызы. Қыз мүгедектер арбасын қабылдамай, балдақпен жүреді. Көптеген сұхбаттарда, ол оған жасалынған ескі үлгідегі механикалық протезді қолданудың ыңғайлы еместігін айтады. Оған бейімделу үшін дене шынықтыру керек. Қыз құны 70 мың еуро болатын неміс протезін армандайды.

27878396 2042800869289450 8309237644320047104 n

Қазіргі уақытта Надира мүгедектік жәрдемақыға өмір сүреді, ол әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан протезді сатып алуға қаражат жинау үшін көмек сұрады.
Ол өз үлгісімен басқаларды шабыттандырады, өзінің науқасымен күрес туралы блогын жүргізеді, сәнді көйлектер киіп,  фотосуреттерде әрдайым күліп тұрады. «Мен аяғымды жоғалтып алдым, бірақ өзімнің әйелдігімді жоғалтқан жоқпын», - дейді Instagram парақшасында.
Ештеңеге қарамастан өмірден ләззат алу.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат Надираның шотына аударылды.

20180303 115516

Елена Шарифулина
 «Химиялық және биологиялық технологиялар» кафедрасының,
аға оқытушысы
ИнЕУ

 

Оқу 645 Время
Жаңартылды Wednesday, 07 March 2018 12:40

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)