Павлодарлық «Даму» қорының филиалымен ынтымақтастық

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

цумирКәсіпкерлік жоғары оқу орнын дамыту стратегиясының аясында ИнЕУ-де «Даму» қоры АҚ Павлодар филиалының мамандарымен кездесулер өткізілді.

Қордың негізгі мақсаты - жан-жақты әрі тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарын тұрақты дамыту. «Даму» жас және белсенді кәсіпкерлерді дамытуға қолдау көрсетеді.
Қордың қызметкерлері Мадина Баденова мен Асем Дюзбаева шағын және орта бизнесті қолдау туралы, жеңілдікті қаржыландыру бағдарламалары, кепілдіктер мен субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктері туралы студенттерге әңгімелеп берді. Сондай-ақ, студенттер бастаушы және қазіргі кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар арасындағы айырмашылық туралы білді. Сонымен қатар, қор әйелдердің бизнестегі бағдарламаларын ұсынады.

23

Зубираш Смагулова
«Бизнес, білім және құқық» факультетінің деканы,
ИнЕУ

 

Оқу 552 Время
Жаңартылды Wednesday, 07 March 2018 12:45

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)