Бір-бірімізге жан жылуын сыйлайық

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 3107 978x682ИнЕУ-дің студенттік өзін-өзі басқаруы «Жылы жүрек – ізгілік тілек…» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Түскен қаражаттың барлығы көмекке зәру балалардың ата-аналарына берілді.
Студенттер жақсы тырысқан. Көрермендер Асхат Бейсеновтің лирикалық монологын тыңдап, ән мен күй және "БАДРИЯ" шығыс билерінің шоуын тамашалай алды. Кішкентай бүлдіршіндер – Жансая, Мержас және Батырханға көмектесу үшін студенттер мен оқытушыларға бар болғаны 300 теңге қажет етеді.

Белсенді студенттер дайындыққа түпкілікті қараған: өздері сценарий құрастырды, номерлер шығарды, билеттерді де сатты.

IMG 3025 978x858 IMG 3087 978x719

"Инновациялық Еуразия университетінің диагнозы ауыр балалардың проблемасына осындай қайырымдылықпен қарағандарына алғысымды білдіргім келеді. Біздің басты арманымыз – балапандарымыздың қоғамға бейімделгенін көру. Олар болашақта осы жоғары оқу орнында дені сау балалармен тең дәрежеде оқи алады деген үміттеміз", - деп, Жансаяның анасы Аяулым Матина өз әсерлерімен бөлісті.

IMG 3071 978x692

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор Бағжанат Қайырбекова балалардың еміне жиналған қаражатты Меруерт Темирханова, Айнаш Байгушкарова және Аяулым Матинаға табыс етті. Көз жастарын әрең тыйып тұрған ата-аналар қайырымдылық концертін ұйымдастырғаны үшін ИнЕУ-ге алғыс айтты. Студенттер шын жүректен жиналған ақшаның көмекке зәру бүлдіршіндердің өмірін сәл де болса жеңілдетуге септігін тигізер деген үміттерін білдірді.

 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 307 Время
Жаңартылды Thursday, 21 April 2016 10:39

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)