«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

forum kaznuИнЕУ Инженерлік академиясының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ) өткен «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форумға қатысып, ғылыми баяндама жасады. Ғылым фестивалі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір» бастамаларын жылдытуға арналды. 
Ұйымдастырушылар – ЮНЕСКО-ның тұрақты даму жөніндегі кафедрасы және ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті. Форумға Қазақстан, Ресей, Венгрия және Египеттен 40-қа жуық университет қатысты.

Жас ғалымдар экологияның, экологиялық қауіпсіздіктің, Қазақстанның жасыл экономикасының негізгі аспектілерін қозғады. Ауқымды фестиваль жұмысы үш өзекті бағыт бойынша өтті, олар: «Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемалары және тұрақты дамуға арналған әлеуметтік жобаларды жылжыту», «Тұрақты даму және жасыл экономика контексіндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар», «Жасыл экономикаға көшу: білім беру, ғылым және өндірістің өзара әрекеті».
ЮНЕСКО, ОБСЕ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақ-неміс университеті, «Car@wan» желісі сияқты халықаралық институттар мен жетекші ұйымдар форумға белсенді қатысты, «жасыл» экономика және экология аспектілерін жылжытуды дамытуға қызығушылық танытқандарын көрсетті.
Инженерлік Академияның студенттері жақсы баяндама жасап, дипломдармен және қатысушы сертификаттарымен аталды. Асанәлі Бауен мен Ахат Ергалиев «Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемалары және тұрақты дамуға арналған әлеуметтік жобаларды жылжыту» бағыты бойынша екінші орын алды.

 forum kaznu 3

Экол-201 тобының студенті Айжан Батпалова «Тұрақты даму және жасыл экономика контексіндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» секциясында жасаған ғылыми хабарламасы үшін үшінші орынға лайық деп танылды. «Жасыл экономикаға көшу: білім беру, ғылым және өндірістің өзара әрекеті» бағыты бойынша қатысқан Экол-201 тобының студенті Гулим Акимбаева да үшін орынды иеленді. «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форумға белсенді қатысқаны үшін ТМО-202 тобының студенті Бауржан Жансеитов сертификатпен марапатталды.

diplom 11042016

Ғылыми студенттік форум студенттер мен жас ғалымдардың «жасыл» экономиканы, экологиялық бастамаларды жылжыту процесіне деген қызығушылықтарын және ресурстарды пайдалану мен энергия үнемдеу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету саласындағы жастар ұйымдарының өзара әрекеті мен тәжірибе алмасуы бойынша базаны нығайтқанын көрсетеді.
Форумға баруды ұйымдастырудағы көмектері үшін Шолпан Шапиевна Хамзинаға, Айгуль Муратовна Утиловаға, Людмила Ивановна Проскуринаға, Евгений Борисович Никитинаға алғысымызды білдіреміз

 

 


Майя Кадырова,
«Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн»
департаментінің аға оқытушысы,
Бауржан Жансеитов, ТМО-202 тобының студенті,
ЖӘБжКБ ықпалымен

Оқу 508 Время
Жаңартылды Thursday, 21 April 2016 09:59

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)