Қазақстанның сот жүйесі – жиі реформаланатын мемлекеттік құрылым

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 2557 1002x668Павлодар облыстық соты білікті заңгерлерді даярлау бойынша ИнЕУ серіктестерінің қатарында. Бұл мамандықтың студенттері облыстың сот мекемелерінде бірнеше жыл практикадан өтіп жүр, онда өздерінің теориялық білімдерін бекітіп, болашақ кәсіби қызметтеріне қажет дағдыларды алады. Ал жақында Павлодар облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Алмас Сайпиевич Кузеков Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен сот шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағым беру тәртібі мәселелері бойынша ИнЕУ-де дәріс өткізді.
1991 жылғы желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билікті заң, атқарушылық және соттық деп бөлу принципі негізінде оны жүзеге асыру қарастырылды. Бұл принцип сот билігін институционалдандырудың негізгі ұйымдық аспектілерін күшейткен 1993 жылғы Конституцияда бекітілді.

1995 жылғы Конституцияны және Президенттің «Соттар және Қазақстан Республикасы соттарының мәртебесі туралы» жарлығын қабылдау арқылы соттардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны ретінде сот төрелігі туралы, сот органдарының заң және атқарушы құрылымдарға тәуелді еместігі туралы жаңа ережелер енгізілді; сот жүйесінің тұтастығы бекітілді; ел Президентінің жергілікті соттар судьяларын тағайындау және Парламент Сенатының Жоғарғы Сот судьяларын сайлау тәртібі енгізілді; Жоғары Сот Кеңесі және Әділет біліктілік алқасын құру қарастырылды; судьялардың адам құқықтары мен еркіндігін қорғау жүйесіндегі мәртебесін және ролін нығайтумен олардың тәуелсіздігінің кепілдігі күшейтілді.

IMG 2551 1002x668

Алмас Сайпиевич өз сөзінде сот жүйесі реформаларының маңызды кезеңдерінің бірі 2005 жылы Соттылықты шектеу туралы заңның қабылдануы болғанын атап өтті, ол жергілікті соттардың ролін нығайтуға, сот ісін жүргізуді оңайлату және апелляциялық инстанциялардың ролін күшейтуге бағытталды. Қазір бұл мәселелер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында өзектілендірілген сипат алды.
Сот шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағым беру тәртібін Алмас Күзеков тұжырымдармен түйіндеді. Біріншіден, отандық азаматтық процесте сот шешімдеріне шағым беру институтының болуы Қазақстан Республикасы құқықтық, демократиялық мемлекет принциптері мен құндылықтарға қатаң бағдарланғанын растайды. Екіншіден, бұл институт дамып жатыр, апелляциялық іс жүргізуді заңмен бекіту оған дәлел болады.

IMG 2563 1002x668

Кассациялық іс жүргізу сұраныстармен ұштасқан практиканы жаңартуды қажет етеді. Онда Азаматтық іс жүргізу кодексі біржақты жауап бере алмайтын біршама сұрақтар туындайды. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі кассациялық инстанцияда іс жүргізуді реттеу міндетін айтарлықтай толық қояды.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін қорғауға бағытталған және қабылданған жүйелі шаралардың тиімділігі туралы «Соттар тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекегеқабілеттіліктің Жаһандық индексі рейтингінде Қазақстан Республикасы позициясының 25 тармаққа жақсаруынан көруге болады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша лектор әлеуетті заңгер мамандарды сот жүйесіне жұмысқа орналасуды жоспарлауға шақырды және жиналған аудиторияны судьялық лауазымдарға іріктеудің жаңа талаптарымен таныстырды.

 

 

Мурат Сулейменов,
«Құқық, тарих және әлеуметтану» департаментінің доценті

Оқу 329 Время
Жаңартылды Wednesday, 20 April 2016 18:20

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)