Бір қадам жақынырақ

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

IMG 4247188Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты XLII ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы шығарылды, конференция жұмысына 600-ге жуық адам қатысты. ИнЕУ-де оқу грантын беретін «Гран-при» дипломын Павлодар қаласының №41 ЖОББМ оқушысы Кристина Довгун иеленді.
Биыл конференция жұмысы ИнЕУ-дің 25 жылдығы аясында өтті.

Конференцияға қатысушыларды ҚР КҒА Павлодар бөлімшесінің басшысы, бірінші проректор – инновациялық даму жөніндегі проректор, вет.ғ.д., профессор Евгений Никитин, ИнЕУ-дің Жас ғалымдар және мамандар кеңесінің төрағасы, машина жасау магистрі Талгат Икомбаев, техника ғылымдарының кандидаты, Томск политехникалық университеті Энергетикалық институтының электр жетек және электр жабдықтар кафедрасының доценті Сергей Кладиев, Семей мемлекеттік медициналық университетінің Павлодар филиалының ішкі аурулар кафедрасының профессоры Мурат Макатов, Павлодар қ. білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гульсина Шиндлярская құттыптап, сөз сөйледі. 

 IMG 2438 1005x670

Пленарлық мәжілісте оқушылар мен студенттер үшін ғылыми қызметтің маңыздылығын атап өтіп, оларға сәтті баяндауға тілектестік білдірді.
Осы залда 14-рет жиналып отырмыз. Бұл конференция – жас ғалымға ғылымда дұрыс салу үшін жақсы мүмкіндік. Ғылыми форумға қатысу үшін Томск, Астана, Алматы, Арқалық,  Қызылорда, Қарағанды, Семей, Тараз, Шахтинск, Риддер, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ауыл мектептерінен делегациялар келді. Біз сіздерді оқу орнымызда көргенімізге қуаныштымыз. 10,11-сынып оқушылары үшін ИнЕУ-де оқу грантын беретін арнайы номинация бекіткенімізді алдын ала айтып өткім келеді,- деп, Евгений Борисович қыздыра түсті.

IMG 2396 1005x670

«Бұл конференция – ерекше, ол ИнЕУ-дің мерейтойлық іс-шаралары шеңберінде өтіп жатыр. Біздің серіктес ЖОО-ға биыл 25 жыл толды. Қаланың білім беру бөлімі және университет тиімді ынтымақтастық түйіндерін байланыстырады. Конференция жұмысты жемісті болып, конструктивті пікірталаста өтуін тілеймін»,- деді Гульсина Шиндлярская.
Биыл басқа өңірлерден 54 адам келді. Олар үшін университет бойынша экскурсия өткізілді.

IMG 2468 1005x670

Басқа қалалық қонақтар ИнЕУ-дің бай ғылыми-техникалық базасынан мол әсер алды. Ал түстен кейін қатысушылар секциялар бойынша тарасып, өздерінің ғылыми баяндамаларын жасады, оларға құзыретті қазылар алқасы баға берді. Қазылар алқасы құрамында ЖОО оқытушылары мен профессорлары, қала және облыс мектептерінің мұғалімдері, конференция қатысушыларының ғылыми жетекшілері жұмыс істеді.

IMG 2525 1005x732 IMG 2510 1005x670

Конференция жұмысы 23 секция бойынша өтті: тарихтың өзекті мәселелері; географиялық ғылым мен туризмнің аймақтық аспектісі; мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері; үштілділік жағдайдағы тіл білімінің өзекті мәселелері; қазіргі заман контексіндегі журналистика және әдебиет; мәдениет және коммуникация аспектісіндегі ағылшын тілі; ғылымдағы математикалық әдістер; дене тәрбиесі және спорттың өзекті мәселелері; қазіргі жастардың қалыптасуындағы психологиялық проблемалар; Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының экономикалық саясаты: жастар көзқарасы; химия ғылымы және технологиялары; биологиялық көптүрлілік және қоршаған орта; ақпараттық технологиялар: перспективалары мен проблемалары; физика, физикалық процестер мен құбылыстар; металлургиядағы технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіру; энергия тиімділік және энергия үнемдеу; сәулет, құрылыс және дизайндағы жобалық процестер технологиялары; машина жасау және көліктік логистика; өндірістік процестер сапасын басқару; өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

IMG 2846 1005x670 IMG 2819 1005x670

Қорытынды пленарлық мәжілісті ИнЕУ ректоры, э.ғ.д., профессор Марат Баяндин, ҚР Кіші ғылым академиясының басшысы Евгений Никитин, Павлодар облысының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Талгат Икомбаев және ИнЕУ-дің ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Александр Абраменко жүргізді.

IMG 2636 1005x576

Ғылыми-практикалық форумның жұмысына Қазақстан мен Ресейдің оқу орындарынан 568 адам қатысты. Ең өзекті жобалар дипломдармен аталып өтті. ИнЕУ-де оқу грантын Павлодар қ. №41 ЖОББМ оныншы сынып оқушысы Кристина Довгун иеленді. Ол «Дене тәрбиесі және спорттың өзекті мәселелері» секциясында «Оқушылардың бейімделуіне дене шынықтыру жүктемелерінің әсері» тақырыбында баяндама жасады. Жетекшісі – Валентина Викторовна Калачева.

IMG 2963 1005x755

Конференцияның соңғы күнінде командалардың жетекшілері, атап айтсақ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтынан Ғабит Мухитұлы Абильдаев, Шахтинск технологиялық колледж оқытушысы Елена Николаевна Сухорокова, ШҚО Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі Людмила Николаевна Какаулина құттықтау сөз сөйледі. Жетекшілер білікті атқарған жұмыстары үшін ИнЕУ-дің ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөліміне алғыс білдірді және осындай форумдарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

IMG 2828 1005x825

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша қатысушылар баяндамалары тезистерінің жинағы шығарылды.
Конференцияға келген қонақтар бір сәтке де қалыс қалған жоқ. Олардың жанында үнемі ИнЕУ волонтерлық орталығының студенттері болды. Секциялардағы жұмыс пен қызу ғылыми пікірталастардан соң қатысушылар көтемгі Павлодарды аралап, экскурсия жасады.

IMG-20160414-WA0005

Балалардың арасында ғылыми ғана емес, достық байланыс та орнады. Қонақтар риза болды және келесі жылы қайта келеміз деп кетті.
Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты келесі XLIІI ғылыми-практикалық конференциясының күні белгіленді. Ол 2017 жылғы 13-14 сәуірде өтетін болады. Өтінімдер келер жылы 1-24 ақпан аралығында қабылданады. Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма, дайындықты бүгіннен баста.

 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 397 Время
Жаңартылды Wednesday, 20 April 2016 15:20

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)