Тренинг барысында команда стрестік күйзелістер мен даулы жағдайды төмендетудің психотехникасын меңгеріп көрді. Қатысушылар кикілжіңді жан-жақты қарады, оның туындау себептері мен жою жолдарын түсіне алды. МВА бағдарламасының оқытушылары мен тыңдаушылары сенімді қалыптастыру жаттығуларына белсенді қатысты. Сонымен қатар Светлана оларға рольдік ойындар ұйымдастырды, оларда әркім өзінің дұрыс шешім қабылдай алатынын көрсете алды.
Тренингтің екінші бөлімінде негізгі бизнес дағдылар жөніндегі кәсіби коуч сөйлеу кезінде аудиторияның назарын қалай аудару және оны жоғалтып алмау туралы айтты. Семинар тыңдаушылары сәтті презентацияның құрылымы мен мазмұнын дайындау алгоритмімен танысты. Светлана мұнда көптеген факторларды – өз сөзіңнің міндеттерін тұжырымдау және мақсатты аудиторияны бағалаудан бастап, вербалды және бейвербалды қарым-қатынас дағдыларына дейін ескеру керектігін атап өтті.
Практикалық тұрғыдан бекіту үшін тренер бірнеше қарапайым жаттығу ұсынды, олар көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде өзіңе деген сенімділікті дамытуға мүмкіндік береді. Ең батыл қатысушылар аудитория алдында сөйлеу машықтарын жетілдіре алды.
Осындай пайдалы тренингке қатысқан тыңдаушылар кикілдіңдерді басқару – бұл өнер екеніне, оны үйренуге болатынына және оның қажеттілігіне көз жеткізді.
Айна Нарынбаева,
МВА бағдарламасының жетекшісі