ИнЕУ-дің "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-мен ынтымақтастығы

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

DSC00833 996x560Инновациялық Еуразия университеті және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіби кадрларды даярлау бойынша әлеуметтік серіктестік туралы шартқа қол қойды.
Жақында ЖОО, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ пен БАҚ өкілдеріне арналған жас мамандарды қолдау және компания қызметкерлерінің білім деңгейін көтерудің «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрастырған бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бұл бағдарлама алдағы уақытта энергетикалық холдинг кәсіпорындарына жұмысқа орналасу мақсатында студент-энергетиктердің оқуға деген қызығушылықтарын арттыруы тиіс.

«Жаңарту шеңберінде компанияға орнатылатын жаңа жабдықтарға қызмет көрсету персоналдың біліктілігіне деген талаптарды көтереді,- деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры Олег Перфилов.
- Осыған байланысты электр энергетикасы саласы үшін мамандар даярлап жатқан оқу орындарының оқыту бағдарламаларын түзету қажет. ЖОО-ны бітірген түлектер біздің кәсіпорындарда бірден жұмыс істеп кету үшін бір-бірімізге көмектесу керекпіз.
Презентацияда жоғары және кәсіптік оқу орындарымен ынтымақтастық бірден бірнеше бағыт бойынша жүргізілетіні айтылды, олар: практиканы ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру, демалыс кезінде уақытша жұмысқа орналастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру, конкурстар, жобалар өткізу, атаулы шәкіртақы тағайындау, емтихан комиссияларына қатысу, полиграфиялық өнімді дайындау.

2 996x688 

Студенттердің «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» кәсіпорындарындағы практиканың әр айы үшін және жазғы демалыс кезіндегі жұмысы үшін екі ең төмен жалақы - 45 718 теңге мөлшерінде ақы алатындары айтарлықтай маңызды. Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын студенттер «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның атаулы стипендиясын алуға үміткер болуға құқылы. Стипендия мөлшері: колледж оқушыларына 14 847 теңге, ал ЖОО студенттері үшін 21 210 теңге. Бұдан бөлек компанияда жас қызметкерлердің өндіріске жылдамырақ бейімделуіне көмектесетін процедуралар жасалған. жастардың кәсіби тұрғыдан өсуін, олардың дене шынықтыру тұрғысынан дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы және еңбек пен білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтарды іске асыру, сонымен қатар жалпы энергетика кәсібінің мәртебесін көтеру қажеттілігі де ұмыт қалған жоқ.  
- Кәсіби кадрларды даярлау бойынша әлеуметтік серіктестік туралы тұсаукесерде ұсынылған бағдарлама, меніңше, өте өзекті және уақытылы қолға алынған,- деді ИнЕУ ректоры Марат Баяндин. – Біз өз тарапымыздан ҚҰЗЫРЕТТЕР КАРТАСЫН құрастыруды ұсындық, онда энергетикалық холдинг кәсіпорындарында кепілді жұмыс алуы үшін біздің түлектеріміздің қандай білім, дағды және біліктер жиынтығын меңгеру керектігі анық көрсетілетін болады. Одан бөлек, біз ұқсас ынтымақтастықтың көпжылдық тәжірибесіне негізделген тілегімізді білдірдік, бұл – конкурстан өткен студенттерге 3-4-курстан емес бірінші курстан бастап жетекшілік ету. Сәуір айында серіктестеріміз мүдделі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары бағыттарының презентациясына «Павлодарэнерго» АҚ-ның өкілдерін университетке шақыруды жоспарлап отырмыз.
Кездесу қорытындысы бойынша «Павлодарэнерго» АҚ кәсіпорындарының басшылары, Павлодар, Екібастұз оқу орындарының өкілдері және Павлодар облысы кәсіпорындарының палатасы арасында әлеуметтік серіктестік туралы шартқа қол қойылды.

 


"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ
қоғаммен байланыс жөніндегі
бөлімінің ақпараты бойынша
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі"

Оқу 1230 Время
Жаңартылды Friday, 26 February 2016 18:03

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)