«ИнЕУ хабаршысы» журналы

«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналы (ISSN 1729-536Х) 1998 ж. желтоқсан айынан бастап шығарылып келеді.

Журналда физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химия-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және олармен сабақтас: экология, халықаралық ғылыми байланыстар, жас ғалымдар зерттеулері, ғылымдар саласындағы зерттеулердің нәтижелері туралы түпнұсқалық және осы уақытқа дейін басылмаған мақалалар жарияланады. Ғылыми журнал құрылтайшысы - Инновациялық Еуразия университеті.
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» журналы диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға үшін Басылымдар тізіміне енгізілген:

  • келесі мамандықтар топтары бойынша: 05.14.00 – Энергетика, 05.16.00 – Металлургия, 05.18.00 – Азық-түлік өнімдері технологиясы (2007 ж. 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің №556 бұйрығы)
  • экономикалық ғылымдар бойынша (2009 ж. 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеті алқасының №4 шешімі).

«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» журналына жариялауға әртүрлі бағыттар бойынша мақалалар қолжазбалары мен жарияланған жұмыстарға қысқаша түсініктемелер, ғылыми конференциялар және кеңестер туралы ақпарат, монографияларға рецензиялар қабылданады. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде жарияланады.
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналы Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетел аумақтарында таратылады.


Мақаланың журналға басылып шығарылуы үшін автор (-лар) келесі құжаттарды тапсырады:

Мақаланың ашық баспасөзде басылып шығу мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды - 1 дана.

  • Автор (-лар) туралы толық мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (толық), жұмыс орны (ЖОО-ның, ұйымның толық атауы, факультеті, кафедрасы), жұмыс телефоны, факсы, электронды поштасы, мекен-жайы және үй телефоны - 1 дана.
  • Мақала қолжазбасының көлемі 8 беттен аспауы тиіс, автор (-лар) қол(-дар)ын қойып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалардың қысқаша аңдатпасын тапсыру қажет – 1 дана.
  • «Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналында жариялауға жіберілуі туралы кафедра (зертхана) отырысының немесе ғылыми-техникалық кеңес шешімінің көшірмесі.
  • Ғылымның сол саласындағы екі жетекші маманның рецензиялары – 1 данадан.
  • Салынбалы дискіде (Flasch-card), CD дискіде немесе журнал редакциясының электронды поштасына жіберілген мақаланың (үш тілде аңдатпасы бар) электронды нұсқасы.
  • Мақаланың журналда жариялану төлемін растайтын құжат.

Мақала қолжазбасына қойылатын талаптар:

  • Мақала мәтіні компьютерде doc (Microsoft Word 97/2000 (XP 2003) форматында терілуі қажет.
  • Парақ форматы А4 (297х210 мм.).
  • Барлық жиектері – 2 см.
  • Парақ қалпы – кітаптық (кестелер мен суреттер де)
  • Электронды нұсқадағы беттер нөмірленбейді, беттер тек қана қағаз жүзінде нөмірленеді.
  • Шрифттер: Times New Roman, Кz Times New Roman. Символ мөлшері – 12 pt.
  • Мәтін беттің ені бойынша тасымалдаусыз форматқа келтірілуі тиіс, азат жол басындағы бос жер – стандартты (0,75 см.).
  • Жолдар аралығы – жалқы.
  • Мәтін, кесте, формулалар және суреттерді ГОСТ 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес ресімделуі тиіс.

 Мақаланы ресімдеу үлгісі

УДК 378.14:377.5 (574)

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ САЯСИ САПАНЫ ӘЗІРЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Б. Еликбаев, пед.,ғ.к., доцент
«Педагогика және психология» кафедрасы
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.)
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Аңдатпа мәтіні қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
(курсив, беттің ені бойынша, азат жолдан)

Мақала мәтіні (12 pt)

Мақалада сол жақтың жоғарғы бұрышында орналастырылған әмбебап ондық жіктелім индексі (УДК), мақала атауы (жазба әріптермен және қара түспен жазылған), оның астында (ашық түсті курсивпен) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері, автордың тегі, оның ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны (кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы), мақала авторының (авторларының) электронды мекен-жайы көрсетілуі керек. Курсивпен терілген аңдатпа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, автор (-лар) жұмыс істейтін ұйымның атауынан кейін мақала мәтінінің алдында орналастырылады. Аңдатпа көлемі – 600 баспа белгілерінен аспауы керек. „Аңдатпа„ деген сөз жазылмайды.

Мақала мәтіні бір файлда ұсынылады. Файл атауы үш сөзден аспауы керек: біріншісі – автордың тегі (егер бірнеше автор болса, онда мақала жариялымы үшін төлемақыны жасаған автордың тегі), ал келесі – мақала атауының бірінші екі сөзі. Мақаланың жалпы көлемі кесте, сызбалар мен суреттерді қосқанда 8 беттен аспауы тиіс. Мақаланы дайындағанда пайдаланған ақпараттық көздер тізімі мақала соңында орналастырылады. Әдебиет көздерінің тізбесі мақалада оларға жасалған сілтемелер ретімен беріледі.

Мақала қолжазбалары авторларға қайтарылмайды.

Қызмет атауы Тариф, айлық есептік көрсеткіштерде* Ескерту
1. Инновациялық Еуразия университетінің қызметкері (-лері) болып табылатын автор немесе авторлар ұжымы ұсынған ғылыми мақаланың жарияланымы. 1,5 Авторлар құрамына ғылым докторын қосқанда төлемақы бойынша 25 пайыз жеңілдік жасалады.
2. Құрамына Инновациялық Еуразия университетінің қызметкерлері және өзге мекеме қызметкерлері кіретін авторлар ұжымы ұсынған ғылыми мақаланы жариялау 2,0 Авторлар құрамына ғылым докторын қосқанда төлемақы бойынша 25 пайыз жеңілдік жасалады.
3. Инновациялық Еуразия университетінің қызметкері (-лері) болып табылмайтын автор немесе авторлар ұжымы ұсынған ғылыми мақаланың жарияланымы. 3,0 Авторлар құрамына ғылым докторын қосқанда төлемақы бойынша 25 пайыз жеңілдік жасалады.
4. Ғылым доктор ғылыми дәрежесі бар жеке автор ұсынған ғылыми мақаланы жариялау 1,0  
5. Инновациялық Еуразия университетінің студенті болып табылатын автор ғылыми жетекшісімен серіктес авторлықта ұсынған ғылыми мақаланы жариялау 0,5  
6. Инновациялық Еуразия университетінің магистранты болып табылатын автордың жеке өзі ұсынған ғылыми мақаланы жариялау 0,75  
7. Басқа қалалық авторларға ғылыми журналдың авторлық данасын пошта арқылы жеберу. Қазпошта тарифтеріне сәйкес  
8. Ғылыми мақаланың аңдатпасын мемлекеттік тілге аудару 0,25  
9. Ғылыми мақала аңдатпасын ағылшын тіліне аудару 0,25  
Ескерту - * айлық есептік көрсеткіштің мөлшерін (АЕК) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. АЕК мөлшері 2012 жылғы 1 қаңтардан 1618 теңге.

Төлемақыны енгізу реквизиттері, теңгемен төлеу үшін:
ЖСН (есеп айырысу шоты) KZ246010241000003340, КБЕ 17, КНП 861, «Қазақстан халық банкі» АҚПавлодар филиалы, БИК HSBKKZKX, СТН 451800060262, БИН 070740000364
Алушы – «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС.

Редакцияның мекенжайы: 140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., М. Горький к-сі, 102/4, № 3 ғимарат, 130-каб.
Телефон: +7 (7182) 34-04-45 – Редакциялық-баспа бөлімі; +7 (7182) 67-16-40 – ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі.
Факс: +7 (7182) 45-03-42, +7 (7182) 45-39-12, е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (журнал редакциясы)

Подробнее: «ИнЕУ хабаршысы» журналы

Impact Factor коэффициенті бар рейтингтік журналдар тізімі

Импакт-фактор - ғылыми журналдардың маңызды сипаттамасы. Оны жыл сайын Ғылыми ақпарат институты (ISI) есептейді. Ғылыми қорлар зерттеу жобаларына грант бөлу кезінде маңызды өлшемдер ретінде жоба жетекшісінің цитата индексін және оның жұмыстары жарияланған журналдардың импакт-факторын қарастырады.

Цитата келтіру процесі ғылыми цитата келтірудің ресейлік индексін құру бойынша жобаның басты орындаушысы – Ғылыми электронды кітапхана дайындаған шолу мақаласында сәтті бейнеленген (Писляков В.В., 2005). Мысалы, Егер А мәтінінде бір рет болсын Б сілтемесі болса, онда А мақаласы Б мақаласын дәйексөз етеді.

J мақаласынан І мақаласы қанша рет дәйексөз келтірілсе, сонша рет J журналы І журналынан цитата келтірген болады. Осылайша егер бір мақаланың мәтінінде басқа жарияланым бірнеше рет аталса, онда ол бір цитат келтіру болып саналады.

Подробнее: Impact Factor коэффициенті бар рейтингтік журналдар тізімі