Tempus

Инновациялық Еуразия Университеті ТЕМПУС (TEMPUS) халықаралық білім беру жобаларына белсенді қатысып тұрады.

Темпус – бұл Еуропалық Одақ (ЕО) бағдарламаларының бірі, ол серіктес елдердегі, ішінара Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне жәрдемдесуге бағытталған.
Темпус бағдарламасы Еуропалық Одаққа мүше елдердің мекемелерімен өзара әрекет жасау арқылы серіктес елдердегі жоғары білім жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама негізінде әлеуметтік және экономикалық даму, сонымен қатар мәдени даму үрдісінде жоғары оқу орындарының аса маңызды рөлін мойындау жатыр. Олар сондай-ақ мамандандырылған білім мен адам қорларының көздері болып табылады және саяси көсбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Университетте орындалған жобалар:

  • № NP-22135-2001 «Tempus Energy Networking towards Central Asia» - TEN жобасы,
  • CD_JEP-26058-2005 «Curriculum development in Renewable Energy Technologies in Central Asia Universities» - CRETA жобасы;
  • 159025 TEMPUS-FR-JPCR «Reseau Europe-Russie-Asie Centrale de Masters "Informatique Seconde Compétence" – ERAMIS жобасы.

Environment protection through Development and Application of Sustainable Agriculture Technologies EPASAT

Environment protection through Development and Application of Sustainable Agriculture Technologies EPASAT

2011 жылғы қазаннан бастап ИнЕУ-де TEMPUS – EPASAT жаңа жоба бойынша жұмыс басталды. Жоба атауы: Тиянақты ауыл шаруашылық технологияларын шығару және қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау (Environment protection through development and application of sustainable Agriculture Technologies).
Жобаның жалпы мақсаты: Орталық Азия елдерінде (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжәкстан) ауыл шаруашылығы технологиялары саласында озық еуропалық тәжірибеге сәйкес қоршаған орта үшін қолайлы және арнайы әзірленген әдіснамаға негізделген үш деңгейлі озық біріктірілген жүйені – Бакалавриат-Магистратура-PhD докторантура құру.

 

Жоба бакалавриат деңгейінде мамандандырудың үш саласындағы (агроэкология, ауыл шаруашылығы технологиялары мен инжиниринг) оқу бағдарламаларын реформалау арқылы таңдап алынған салада Болон процесін іске асыруға және «Агроэкология» мамандандыруымен бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейінде оқу бағдарламаларын құрастыруға бағытталған. Жоба шеңберінде төмендегідей өзара байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру қарастырылған:

  • Кредиттерді Ауыстыру және Жинақтаудың Еуропалық Жүйесіне (ECTS) сәйкес қолданыстағы оқу бағдарламаларын талдау және реформалау;
  • 5 жаңа курс ашу және жүргізіліп жүрген 5 курсты жаңарту;
  • оқу материалдарын орыс және ағылшын тілдерінде дайындау;
  • еуропалық серіктес-университеттерде тағылымдамалар ұйымдастыру арқылы 9 оқытушының біліктілігін арттыру;
  • 12 оқытушының тілдік дағдыларын жақсарту;
  • ЕО елдерінде 55 студент үшін тілдік курстар және 2 магистрант үшін қысқа мерзімді тағылымдамалар;
  • жобаны іске асырудың екінші жылында жаңа оқу курстарына 60 бакалавр және 10 магистрант қабылдау;
  • ЕО және ОА арасында бірлескен магистрлік және докторлық дәрежелерді мойындау бойынша шараларды әзірлеу;
  • сапаны қамтамасыз етудің (СҚ) еуропалық жүйесіне (EQS) сәйкес сапаны және процедураларды қамтамасыз ету бойынша сәйкес келетін стратегияларды әзірлеу;
  • жобалық қызметке басшылық (decision-makers) және жұртшылық әлеумет  өкілдерін тарту мақсатында ақпарат тарату бойынша арнаулы іс-шаралар;

Үйлестіруші: Аквила университеті (Università degli Studi dell’Aquila)
via G. Falcone, 25
L'Aquila 67100, IT
Тел: +39 0862 701890
Веб-сайт: www.univaq.it
Байланыс жасайтын тұлға: Mrs. Anna Tozzi (Анна Тоцци)

Серіктес-елдерден қатысатын ұйымдар мен ЖОО-лар:

  • Самарканд ауыл шаруашылығы институты, Өзбекстан
  • Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан
  • Худжанд мемлекеттік университеті, Тәжікстан
  • Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, Қырғызстан
  • Азорес университеті, Португалия
  • Вроцлавск қоршаған орта және өмір ғылымдары университеті, Польша
  • Эстония қолданбалы ғылымдар университеті (Eesti Maaülikool), Эстония
  • Сегеда университеті, ауыл шаруашылығы факультеті, Венгрия
  • Ш. Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университеті, Тәжікстан
  • Білім министрлігі, Тәжікстан
  • Қырғыз ұлттық университеті, Қырғызстан
  • М. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті, Тәжікстан
  • Білім және ғылым министрлігі, Қырғызстан
  • Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан
  • Андижан ауыл шаруашылығы институты, Өзбекстан
  • Қазақстан студенттерінің Альянсы;
  • «ЭКО-КӨКШЕ экологиялық орталығы» Қоғамдық Қауымдастық, Қазақстан.

Жобаны іске асыру бағдарламасы бойынша Аквила университетінде (Италия) оқытудың кредиттік-модульдік жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын құрастырудың негізгі мәселелері қарастырылған семинар өтті, оған «Биология» кафедрасының доценті С.В. Могилюк пен «Химия және экология» кафедрасының оқытушысы З.М. Шарипова қатысты.

2012 ж. қарашада Эстония қолданбалы ғылымдар университетінде (Eesti Maaülikool), Эстония халықаралық семинар өтті, аталмыш шараға «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының қызметкерлері С.Д. Тусупов, Л.Н. Касымбекова, М.В. Темербаева мен «АӨБАЖ» кафедрасының аға оқытушысы Л.Н. Изотова қатысты.
2013 ж. наурызда Тарту қ. Эстония қолданбалы ғылымдар университетінде (Eesti Maaülikool) TEMPUS – EPASAT жобасын іске асыру мәселелері бойынша ұйымдастыру кездесуге профессор, «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Л.И. Проскурина қатысты.
2013-2014 оқу жылынан бастап «Биология», «Биотехнология», «Ветеринарлық санитария» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтарына арналған «Агроэкология» мамандандыруы бойынша бакалавриат пен магистратураның жаңа білім беру бағдарламасымен оқыту басталады. «Агроэкология» мамандандыруы бойынша жаңа білім беру бағдарламалары елдер арасындағы академиялық ұтқырлықты ұсынады, ол білім беру қызметін жүргізуге лицензия алу үшін ҚР БҒМ-нің сыртқы сараптамасына беріледі.

Қосымша ақпаратты http://tempuskaz.kz/ сайтынан алуға болады.