Басқаралар

Chevening шәкіртақылық бағдарлама талантты мамандарға Ұлыбританияда оқу курсынан өту және қысқа мерзімді зерттеу жұмысын жүргізуге керемет мүмкіндік береді. Chevening стипендиясының бірегейлігі қаржыландырудың жалпы көлемі стипендиат таңдаған ЖОО-дағы 12 ай оқуды (күндізгі нысан) ғана емес, сонымен қатар оның осы кезеңде Ұлыбританияда тұруын да төлеуге мүмкіндік береді.

Сіз:

  • Ұлыбританияда магистр дәрежесін ала аласыз.
  • Көп ұлтты ортада қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтай аласыз.
  • Оқу курсынан өте аласыз (12 ай) немесе қысқа мерзімді зерттеу жұмысын жүргізе аласыз (кемінде 3 ай).

Басым бағыттар:

  • Мемлекеттік басқару
  • Халықаралық қатынастар
  • Саясаттану
  • Адам құқықтары
  • Юриспруденция
  • Экономика және сауда
  • Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны зерттеу, энергетикалық қауіпсіздік, энергияның жаңғыртылмалы көздері
  • Сәулет және қала құрылысы
  • Журналистика

Қосымша ақпаратты: http://www.britishcouncil.org/ru/kazakhstan.htm сайтынан алуға болады

IAESTE инженерлік бағдарламалар бойынша

Студенттер тағылымдамасымен алмасу жөніндегі халықаралық қауымдастығы студенттерге Еуропа және Австралия елдерінде тәжірибеден өту мүмкіндігін береді! IAESTE бағдарламасы студенттерге кәсіби тұрғыдан өсуден бөлек тілдік ортаға ене отырып, шет тілінен білімін жақсартуға көмектеседі.

Іріктеу критерийлері:

  • Бакалавриат немесе магистратура студенті
  • Инженерлік мамандықта оқу
  • Шет тілін білу (ағылшын, неміс және т.б.)

Студенттің тағылымдама кезіндегі мүмкіндіктері:

  • жұмыс орны мен практика жетекшісі, тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшіңіз сізге мінездеме береді;
  • стипендия түрінде қаржылай қолдау, ол тұру және тамақтану шығындарын жабады;
  • тұрғынжай (қабылдайтын елдің IAESTE ұсынатын студенттік жатақхана немесе пәтер);
  • тағылымдамадан өтіп жүрген басқа студенттермен кездесу;
  • тұратын елдегі экскурсиялар;
  • шет тілінен жақсы тренинг;
  • бүкіл әлемнен достар табу.

Қосымша ақпаратты: www.iaeste.org сайтынан алуға болады.