Түсу емтихандары

ТЕК ҚАНА БИЫЛ МАГИСТРАТУРАДА 2 ЕСЕ АРЗАН БАҒАМЕН ОҚИ АЛАСЫЗ! МҮМКІНДІГІҢІЗДІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!

Магистратурада оқу төлемақысы екі жолмен төленеді:

  • оқу жыл(дар)ы үшін ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін 100 % мөлшерінде алдын ала төлеу.
  • оқу жылы ішінде ай сайын әр айдың 1-не дейін оқудың жылдық құнынан кемінде 10% көлемінде бөліп төлеу. Мұндай жағдайда оқу семестрінің ақысы жылдық құнға үйлесімді әр сессия басталғанға дейін, бітіруші курс студенттері үшін екінші сессия және (немесе) диплом алды немесе басқа кәсіби тәжірибеге жіберілгенге дейін толық көлемде төленуі тиіс.

Оқу төлемақысы М.Горький к-сі, 102/4, 224-каб. мекенжайы бойынша орналасқан университет кассасына 9.00-ден 16.00-ге дейін төлеуге, сондай-ақ БТА Банкі, Цесна Банк және Темір Банктің барлық бөлімшелері мен төлем терминалдары арқылы ИнЕУ-дің есеп шотына аударуға болады.

Оқу төлемақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітілетін мамандарды даярлауға берілетін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес белгіленеді.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: М.Горький к-сі, 102/4, 223-каб. Тел.: 8(7182) 57-44-78 9.00-ден 17.00-ге дейін.