Магистратура

ИнЕУ әлемнің көптеген елдерінде қабылданған үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша ғылым бакалаврларын, магистрлерін және PhD докторларын даярлайды.

Қос дипломды білім бағдарламалары және білім алмасу бағдарламалары бойынша ИнЕУ студенттері, магистранттары мен докторанттары Ресей, Түркия, Польша, Чехия, Венгрия, Дания, Голландия, Швейцария, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай елдерінде оқып, тағылымдамадан өтеді.

ИнЕУ – жаңғыртылмалы энергетика саласында магистрлерді даярлайтын Қазақстандағы жалғыз ЖОО. 2010 жылы әлемдік энергетиканы дамытудың Қазақстанда басым осы бағыты бойынша тұңғыш магистрлер шығарылды.

ИнЕУ – МВА (іскери әкімшілік ету магистрі) бағдарламасы бойынша дайындайтын аймақтағы жалғыз жоғары оқу орны. 2011 жылы алғашқы жоғары буын менеджерлері шығарылды, олардың арасында бизнесмендер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың менеджерлері бар.