«Знание-Білім» газеті

spezvipusk,2014.kz«Знание-Білім» газеті 1967 жылдан бастап шығарылады. 2000 жылға дейін Павлодар аймағының жетекші жоғары оқу орындары – ПМУ мен ПаУ-да болып жатқан оқиғаларды жариялап тұрды. 2000 жылдан бастап газеттің құрылтайшысы және иесі Павлодар университеті болады, бүгінгі Инновациялық Еуразия университеті. 2005 жылға дейін газет «Знание» деп, ал 2005 жылдан бастап - «Знание-Білім» деп аталды. Газет екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде шығады. Басылу мерзімділігі – айына бір рет. Тираж - 1100 дана.

Газеттің негізгі міндеті – университет өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы баяндау, имидждік және кәсіби сипаттағы материалдарды жариялау, университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ корпоративті қоғамдастықты жоғары оқу орны қызметінің түрлі салаларындағы – ғылым, халықаралық, инновациялық, оқу үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер, білім саласындағы өзекті мәселелер, ЖОО-ның жетекші профессорлары мен оқытушылары, студенттік өмір мен университет студенттерінің спорттағы жетістіктері туралы, ЖОО табыстары мен инновациялары жайлы хабардар ету. Университет оқытушылары және қызметкерлерімен қатар, студенттер де газеттің штаттан тыс тілшілері болып табылады.

Редакторы - Нина Александровна Брус
Беттеу және дизайн — Любовь Лаптева

2013 талапкеріне арнайы шығарылым

Табысыңыздың сыры – сіздің біліміңіз
- Біз: «ИнЕУ – жаңа мүмкіндіктер әлемі»,- дейміз және де бұл туралы оқырмандарымызға неғұрлым көп ақпарат жеткізуге тырысамыз. Біз: «ИнЕУ – табысқа жетелер жолың!»,- деп, университетте оқып және жұмыс істейтіндердің қалай табысқа жететіндерін жайында айтамыз. Әркімнің табысқа жеткізетін өз формуласы бар. Біз әлі өзінің таңдауын жасамаған жастарды шақырамыз: «Әлемді ИнЕУ арқылы таны!», ең бастысы бір рет шешім қабылдап, жарқын болашағыңа қадам басу маңызды ғой.

Қосымша ақпарат
Біздің айдарлар: «Оқиғалар. Жаңалықтар», «Баспасөз-ақпарат», «Біздің жетістіктеріміз», «Шексіз әлем», «Халықаралық білім беру жобасы», «Білім берудегі инновациялар», «ЖОО-мектеп», «Біліктілікті жетілдіреміз», «Оқу!», «Семинарлар, семинарлар…», «Кафедра апталығы», «Университет неден басталады», «Біз таңдаған жолдар», «Талапкерге», «Сіздің таңдауыңыз», «Біздің студенттер», «Табыс формуласы», «Келіңіз, танысайық!», «Ректормен кездесу», «Студенттердің жазғы маусымы», «Біздің түлектеріміз», «Бірінші курс студентінің монологы», «Блиц», «Психологтың кеңестері», «Заңгер кеңестері», «Студенттік шақ», «Біз КВН-ді бастаймыз», «Спорт» және т.б.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады:

М. Горький к-сі, 102/4, 3-ғимарат, 217-каб.,
тел. +7 (7182) 34-04-45 (ішкі 163).
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.