Erasmus Mundus

Еуропалық Одақ экономикалық және әлеуметтік даму үшін жоғары білімнің мәнін мойындайды. Жоғары білім біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда басты рөл атқарады.
Erasmus Mundus жобасы Еуропалық Одақ елдері және үшінші әлем елдерінің студенттері, оқытушылары және академиялық қызметкерлерімен алмасу арқылы жоғары білім саласындағы байланыстарды күшейту үшін құрылған.

Іріктеу өлшемдері:

  • қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс және оқу тілін білулері керек.
  • Қатысушылар Қазақстандағы серіктес университеттердің бірінің студенттері (бакалавриат, магистратура, докторантура) немесе академиялық қызметкерлері болу керек. Бакалавриат студенттері кемінде 1-курсты аяқтаулары тиіс.
  • Қатысушылар серіктес университеттердің қатарына жатпайтын университеттің студенті (магистратура, докторантура) немесе ҚР-ның кез келген университетінің түлегі болу керек.

Қаржы жағдайлары: Іріктеуден өткен қатысушыларға барлық шығындарды жабатын стипендия бөлінеді.

Қосымша ақпаратты төмендегі сайттан алуға болады: http://eacea.ec.europa.eu/erasmus_mundus/index_en.php