Болашақ

2012 ж. Басым мамандықтар тізбесіне сәйкес тағылымдамадан өтуге ниет білдірген талапкерлер үшін:

1. Тағылымдамадан өту: тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде Қазақстан Республикасы ұйымдарының бірінде ғылыми, педагогикалық, инженер-техникалық немесе медицина қызметкері болып жұмыс істейтін, жалпы еңбек өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде көрсетілген қызметтегі (тағылымдамаға үміткерлер категориясы) еңбек өтілі 12 (он екі) айдан кем емес үміткерлер конкурсқа қатыса алады.

2. Осы категорияға арналған басымдықтар:

  • мемлекеттік және шетел тілдерін білудің бастауыш деңгейлерін төмендету;
  • шетелдік ұйымдардың талаптары және тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне сәйкес ұзақтығы 6 айдан аспайтын тілдік курстардан өту мүмкіндігін ұсыну.

3. Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар тапсырылады:

  • маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;
  • үміткердің сауалнамасы;
  • өтініш-дәйектеме;
  • жеке куәлік және төлқұжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
  • шетелге шығатын тұлғаларға арналған 0-82/у үлгісі бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • бакалавр немесе специалист дипломының (қосымшасымен) нотариалды расталған көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
  • талап етілетін еңбек қызметінің кезеңі үшін үміткерлерге зейнетақы аударымдарын төлеуді растайтын (зейнетақы қорынан үзінді көшірме) ресми анықтама;
  • тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептесу шифры шешілген) көрсетілген сөзсіз (қаржы жағдайларынан және шет тілінен білім деңгейін тиісті дәрежеге дейін көтеру жағдайларынан басқа) шақыртуын растайтын мемлекеттік тіл және орыс тіліндегі аудармалары нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған, тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы;
  • шет тілінен тест тапсыру туралы ресми сертификаттың (болған жағдайда) көшірмесі.

4. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін конкурс кезеңдері:

  • Шет тілі (шет тілінен білім деңгейін көтеру қажет болған жағдайда);
  • Мемлекеттік тіл;
  • Психологиялық тестілеу;
  • Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау немесе тағайындамау туралы шешімді Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия қабылдайды.

  • өтінімге сәйкес үш жақты шарт;
  • өтінім берген ұйымдағы жұмыс;
  • жұмыспен өтеу мерзімі 3 жыл.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 18, тел.: 8 (7172) 69-51-53, 69-51-54, 69-15-55. Ресми сайт: www.bolashak.gov.kz