Жұмыс бағыттары

Инновациялық Еуразия Университеті көптеген шетелдік университеттермен және Азия, Еуропа мен АҚШ елдерінің халықаралық ұйымдарымен тұрақты байланысты қолдайды.

Университетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі студенттерге шетелдік ЖОО-да тағылымдамадан өту және екі диплом – Инновациялық Еуразия университеті мен шетелдік серіктес-университеттің дипломын алу мүмкіндігін ұсынуға бағытталған бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

ИнЕУ кең және тұрақты халықаралық байланыстарын шетелдік серіктес-университеттердің жетекші мамандарының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ корпоративті байланыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарманың қызметтеріне төмендегілер кіреді:

  • мамандар даярлау, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шараларды, шетелдік серіктермен бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары және басқа да тікелей келісімдерді жоспарлау және жүзеге асыру;
  • бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік серіктестермен келісім жасасу жөнінде мәтіндер даярлау, келісу және ұсыныстар енгізу;
  • жасасқан келісімдерді жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету;
  • шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберу үшін ОПҚ, мамандар мен студенттер құжаттамасын іріктеу және ресімдеуді бақылау, олардың шетелге шығу құжаттарын уақытында ұсыну;
  • жоспарланған іс-шараларды шетелде іске асыру үшін ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, мамандар мен студенттердің резервін қалыптастыру, шет елге іссапарға (шетелде оқуға) жіберуге ұсыныс жасалған үміткерлердің тілдік және елтанымдық дайындығын ұйымдастыру;
  • Университетте жұмыс істеу және оқу үшін шетелдік азаматтардың келуін ұйымдастыру;
  • шетелдік іссапарлардың Университеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген техникалық тапсырмаларын (жоспарларын) бекіту;
  • шет елге іссапарға жіберілгендердің тапсырмаларды (жоспарларды) орындауларын, іссапар нәтижелері туралы толық есепті уақытында тапсыруларын, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үрдісіне енгізулерін бақылау;
  • шет ел азаматтарының Унверситеттегі оқуы, тағылымдамасы мен жұмысына жалпы басшылық ету;
  • бір жыл ішіндегі халықаралық ынтымақтастық қорытындыларын жалпылау және талдау, халықаралық ынтымақтастық нәтижелері туралы жалпы мәліметті дайындап, Университет басшылығына уақытында ұсыну;
  • аймақ кәсіпорындары мен мекемелерінің әртүрлі сала мамандарына деген қажеттіліктері мен олардың біліктілігіне қойылатын талаптардың мониторингін жүргізу;
  • «Ашық аймақтық университет» қауымдастығының қызметіне жәрдемдесу;
  • ИнЕУ түлектері қауымдастығының қызметін қамтамасыз ету;
  • Университеттің, академиялардың Қамқоршылық кеңестерінің қызметін сүйемелдеу, Карьера күні, жұмыс берушілер және корпоративті серіктестермен кездесулердің жүргізілуін бақылау;
  • ИнЕУ түлектерінің мәліметтер базасын қалыптастыруды бақылау, ақпаратты кадрлар агенттіктеріне ұсыну.