Біздің серктестеріміз

Халықаралық байланыстарды дамыту – университет қызметінің маңызды бағыты. ИнЕУ Германиямен (Падеборн, Нойбранденбург қалаларының университеттері) ынтымақтастық бойынша еліміздің солтүстік-шығыс аймағында көшбасшы болып табылады. АҚШ (Нью-Джерси Технологиялық Институты) Қытай (Аньшань педагогикалық университеті), Ресей, Испания, Финляндия, Греция, Франция, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Жапония, Сингапур, Түркия университеттерімен келісімдерге қол қойылды.

Университет – Халықаралық білімнің Еуропа қауымдастығының мүшесі (ЕАМО), Халықаралық білім институтының (ІІЕ Network), Менеджментті дамытудың Орталық Азия қорының (САМАN), Орталық және Шығыс Еуропадағы Қоғамдық басқару институттар мен мектептер желісінің (NISPAcee), EdNet білім беру желісінің, Сібір ашық университет қауымдастығының мүшесі.

Инновациялық Еуразия университеті Еуропалық Одақ пен Еуропалық Комиссияның төмендегідей бағдарламаларына: «Erasmus mundus», «ERAMIS», «Энергетика – Орталық Азияны қарсы алады», «Орталық Азия университеттерінде жаңғыртылмалы энергетика бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу»; «Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі» (GEM) және ЮНЕСКО, «Орталық Азия елдерінде энергияның жаңғыртылмалы көздерін дамыту» сияқты халықаралық жобаларына қатысады.

Еуропа жоғары оқу орындарының Ұлы Хартиясына қабылдану университет қызметіндегі маңызды оқиға болды.

Болон келісіміне сәйкес бұл ИнЕУ студенттері мен оқытушыларына халықаралық алмасу бағдарламаларына, Еуроодақ грантын алу конкурстарына қатысу құқығын береді және ЖОО түлектерінің дипломдарын әлемдік қоғамдастықтың мойындауын қамтамасыз етеді.

Греция Германия, Италия, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия университеттерінде ИнЕУ оқытушылары тағылымдамадан, ал студенттері тәжірибеден өтеді. Еуропалық ЖОО профессорларының дәрістерін тыңдайды. Жыл сайын серіктес университеттер мен ғылыми орталықтардың елуден астам шетелдік профессорлары мен сарапшылары студенттерге дәріс оқып, оқыту семинарлары мен шебер-сыныптар жүргізеді.

Халықаралық бағдарламаларға қатысу университетке келешегі бар мамандықтарды ашу, жаңа ғылыми бағыттарды дамыту, замануаи оқу-ғылыми зертханаларды ашу мүмкіндігін береді. Университет энергияның балама көздері бойынша ТЕМПУС халықаралық білім беру бағдарламаларымен жұмыс істеуде мол тәжірибе жинақтады. ИнЕУ-де жұмыс істейтін жаңғыртылмалы энергетика зертханасының Қазақстанда аналогы жоқ.

Тек соңғы он жыл ішінде ғана ИнЕУ Еуропалық Одақ пен Еуропалық Комиссияның «Орталық Азия елдерінде энергияның жаңғыртылмалы көздерін дамыту», «IT екінші құзырет ретінде» (ERAMIS), Erasmus Mundus халықаралық жобаларына, «Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі» (GEM) ЮНЕСКО және т.б. халықаралық жобаларға қатысты.