"Мемлекет пен қоғам үшін заманауи ақпараттық технологиялар" III Аймақаралық IT-форумына қатысыңыздар!

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

"Мемлекет пен қоғам үшін заманауи ақпараттық технологиялар" III Аймақаралық IT-форумы Инновациялық Еуразия университетінде (ИнЕУ) 2019 жылдың 19 сәуірінде  өтеді.

Құрметті қонақтар арасында - А.Аимбетов - Халық Қаhарманы, Басқарма Төрағасының орынбасары - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы  АҚ-ның Басқарма мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы ғарышкер және қазақстандықтар арасында үшінші ғарыштық зерттеушісі.

Қазіргі заманғы ІТ-форумы Инновациялық Еуразия университетінің негізін қалаушы, профессор Қажыкен Қабышұлы Қайдаровтың 80 жылдығына арналған.

«Цифрлық қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы біздің елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша белсенді түрде жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - республиканың экономикалық даму қарқынын жеделдету және сандық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру. 

ИнЕУ-де IT-форум бір күндік ашық конференцияның форматында екі бағыт бойынша өтеді - «Аймақты сандық трансформациялау» және «IT Біліктілігін алу - бұл табысқа жетудің кепілі». Сонымен қатар, Павлодар облысының оқушылары мен колледж студенттері арасында IT-жобалар мен стартаптар сайыстары, робототехникалық жарыстар, интернет-информатика пәні бойынша сайыстардың жеңімпаздары марапатталады.  

Мына сілтеме бойынша тіркеле аласыз: http://www.ineu.edu.kz/kz/it-forum 

Ақпараттық хатпен танысқыңыз келсе: http://www.ineu.edu.kz/kz/akparattyk-hat-2018 

IT-форумының бағдарламасы

Байланыс мәліметтері:
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
тел. +7(7182) 67-30-57 (қос. 213)

Оқу 183 Время
Жаңартылды Thursday, 18 April 2019 15:47
Подробнее в этой категории: « Приглашаем на «ИнЕУ ХАНШАЙЫМ - 2019»

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)