"Жастар мен ғылым: шындық пен болашақ" ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

Баишев университеті 2019 жылдың 12 сәуірінде жас ғалымдар мен студенттерге арналған «Жастар және ғылым: Бүгіні және келешегі» - «Жаһандану дәуіріндегі цифрлік күн тәртібі» IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясыөткізетіндігін хабарлайды.Шараға жас ғалымдар, магистранттар, студенттер, аспиранттар және докторанттар қатыса алады.

Конференция келесі бағыттарда өтеді:

  • Жаһандық әлемде ұлттық қауіпсіздік факторы ретіндегі ұлттық кодтың сақталуы
  • Білім беруді жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясаттың ұстанымы
  • Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қазіргі білім берудің маңызды факторы ретінде
  • Қазақстанның жаңғыруы:экономикалық өсім, жаһандық бәсекеқабілеттілік, қарама-қайшылықтар мен механизмдер
  • Іргелі зерттеулерде, математикалық модельдеуде және студенттердің ғылыми ізденістерін ұйымдастырудағы ақпараттық технологиялар
  • Инженерия мен мұнай-газ саласында инновациялық технологияларды қолдану болашағы
  • Цифрлық экономика жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық келешегі
  • Ауылшаруашылық саласындағы бақылау, мониторинг және басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйелері

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2019 жылдың 30 наурызына дейін келесі ақпараттарды ұсыну қажет:

  1. Қатысуы туралы өтініш;
  2. Баяндама (мақаланың) электронды нұсқасы;
  3. Төлем түбіртегінің көшірмесі («Жастар және ғылым» конференциясына деген белгімен).

Конференцияға қатысу жарнасы қатысушының өз есебінен төленеді.

Ұйымдастыру жарнасы ТМД елдерінен келген қатысушылар үшін: жас ғалымдарға -  400 руб., студенттер үшін – 200 руб.

Өтініште: секция атауы, баяндама тақырыбы, автор туралы мәлімет (аты-жөні толығымен), мамандығы, курсы, ғылыми жетекшінің аты-жөні, оқу орны, мекенжайы және байланыс телефоны).

Конференция туралды ақпарат, өтінімді мына сілтемеден таба аласыз  прикрепленном документе.

 

Баишев университет 

Оқу 179 Время
Жаңартылды Tuesday, 26 March 2019 09:29

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)