"Сәлем, студент" дарынды жастардың шығармашылық сайысы

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен "Қазақстанның Павлодар облысы бойынша жастар конгресі" ОФ және ЖОО-дың студенттері арасында «Сәлем, студент!»  шығармашылық сайыс өтеді.  

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:
-    Мектеп оқушылары мен студенттердің шығармашылық қабілеттері мен дарындарын ашып, іске асыру;
-    Республикалық, облыстық сайыстарға қатысу үшін жаңа дарындыларды іздестіру;
-    Ұжым мен орындаушылардың орындаушылық шеберліктерінің артуы.

Уақыт мен орны: шығармашылық сайыс 7 желтоқсан 2018 ж.  10:00 сағ. Инновациялық Еуразия университетінің акті залында Ломов к. 45

 

Сайысқа қатысушылар:

Сайысқа шығармашылық ұжым мен жеке орындаушылар қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер қатысушы туралы толық ақпарат арқылы және концертті бағдарламасы жөнінде мағлұмат беруі тиіс.

Өтінімдер мына эл. мекен-жай арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   2018 ж. 30 қарашасына дейін

 

Орындаулар келесі категориялар арқылы:

- жеке;

- топтық;

Жанрлары мен номинациялары:
а) «Вокалды шеберлік»

- эстрадты вокал, халықтық вокал:
- сольді ән;
- дуэт;
- вокалды ансамбль;
- авторлық және бардовтыәндер;
- рок-группалар және  ВИА
б) «Би өнері» (соло мен ұжымдар):
- заманауи хореография (брейк-данс, джаз- модерн, еркін пластика);
- эстрадты хореография (рок-н-ролл, шоу, сценалық стилизация);
- халықтық-сценалық хореография;
- классикалық хореография.
в) оригиналды жанр:
- юмор, сөйлеу және музыкалық пародиялар;
- пантомима;
- цирк, дрессура, акробатика, гимнастика, спорттың түрлері,

-  сән театры, роликпн трюктер, велосипедті және т.б.

г) «Поэтикалық сөздер»:

- көркем сөз (поэзия, проза)

Сайысқа қатысу талаптары:

Кез келген номинацияға 5 минут ұзақтылығымен туындылар алынады.
Вокал – "жанды" дауыс (фонограмма «минус»).

Әр қатысушыға аппаратура қолдануға құқығы бар.

Жеңімпаздарды мрапаттау:
- барлық қатысушылар, солистер мен ұжымдар алғыс хатпен марапатталады;
- жеңімпаз сыйлқтар мен лауреат дипломына ие болады.

Мына телефондар бойынша анықтама алуға болады. 8708 493 65 88

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 159 Время
Жаңартылды Tuesday, 04 December 2018 12:39

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)