Жас суретшілердің «Энергия. Жастық шақ. Өнер» халықаралық конкурсы

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры шығармашыл жастардың ЖасSTAR-2018 халықаралық фестивалінің аясында Жас суретшілердің «Энергия. Жастық шақ. Өнер» ашық конкурсын өткізеді.

Аталған конкурстың мақсаты көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны бойынша маңызды әрі өзекті және жас суретшілердің негізгі көзқарасын көрсететін жасампаздық энергиясы, әлеуметтік проблематика, қазіргі заманғы өзекті сын-тегеуріндер тақырыбындағы туындыларын мәлім ету. Конкурс жас суретшілерді қолдау және Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін әлемдік көркемсурет процесіне ілгерілетуге бағытталған. Еліміздің мәдениеті этнос философиясының, руханиятының және түпнұсқалылығының басты жаршысы болып табылады.

Конкурстың міндеті – бастауыш авторлардың отандық арт-кеңістікке табысты бейімделуі, мүдделі аудиторияның Қазақстанның бейнелеу өнеріне назарын аудару, сондай-ақ республиканың бейнелеу өнерінің жас шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін жетілдіру және арттыру. Конкурстың қазылар алқасына Қазақстанның белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері кіреді. Олардың жоғары құзыреті мен мәртебесі және конкурстық жұмыстарды бағалауға қатысуы жас суретшілердің кәсіби деңгейінің артуына септігін тигізеді.

1.Конкурстың шарты:

  • Конкурсқа 40 жас дейінгі, арнайы-орта немесе жоғары көркемөнер білімі бар суретшілер шақырылады;
  • Бір автор немесе авторлар тобы бір шығарма ұсынады, бұл ретте триптих және диптих бір шығарма болып есептеледі.
  • Конкурста бейнелеу өнерінің келесі түрлері қаралады: бейнелеу өнері, графика, мүсін, декративтік-қолданбалы өнер, фотография, видео-арт, көркемсурет объектілері.
  • Шығармалар 2018 жылы шығарылған жаңа болуы тиіс;
  • Шғырамларадың көлемі:

       – бейнелеу өнері үшін, ДПИ-100 см х 100 см кем болмауы;

       – мүсін үшін – 80 см кем болмауы тиіс;

  • Шғырамалар ресімделіп, қол қойылуы тиіс;
  • Қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 10 сәуірге дейін.
  • Каталог шығару үшін шығарманың бейнесін Tiff форматында, кемінде 300 dpi рұқсатымен, немесе 2018 жылғы 1 тамызға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық пошта арқылы жіберу қажет.
  • Конкурстың талаптарына сай келмейтін шығармаларды Ұйымдастыру комитеті қарауға қабылдамайды.

2.Конкурстың жеңімпаздарына келесі мөлшерде сыйлықтар тағайындалады:

1 -сыйлық – 350 000 теңге

2-сыйлық – 250 000 теңге

3 – сыйлық – 150 000 теңге

5 жұмысқа – ынталандыру сыйлықтары

3.Конкурсқа қатысу үшін шығармаларды қабылдау мерзімі

Жұмыстар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына Конкурстың ұйымдастыру комитетіне автордың өз қаражаты есебінен 2018 жылғы 20 тамызға дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Иванилов көшесі, 15 мекенжайына ұсынылуы тиіс.

Анықтама тел: 8 (727) 220 92 14, 8 (747) 179 0159

4.Қатысушыларды тіркеу: E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

5.Конкурстық көрмені өткізу уақыты

Көрме 2018 жылғы қазанда Алматы қаласы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өтеді.

6.Көрме каталогын шығару

 presidentfoundation.kz

Оқу 403 Время
Жаңартылды Tuesday, 15 May 2018 10:26

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)