Назарбаев қоры трэвел-гранттарға байқау жариялады

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді:

— жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, сонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

— жас ғалымдар мен ЖОО студенттеріне ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгресстерге қатысуға бөлінеді

Өтінім беру мерзімі: 22 қаңтар – 30 қараша 2018ж.

Қосымша ақпарат мына телефондар мен e-mail бойынша:

+7 727 220 92 24, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. – Едігеева Роза Мақашқызы – жас ғалымдар үшін.
+7 727 220 92 14, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. – Исмаилов Тимур Мұратұлы – мәдениет пен өнер қайраткерлері үшін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Иванилов к-сі, 12А.

 presidentfoundation.kz

Оқу 341 Время
Жаңартылды Tuesday, 15 May 2018 10:20

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)