Көптілділік – болашаққа бастар жол

Рейтинг
(0 благодарность)
Редактор  | Жарияланды: Хабарландырулар

Көптілділік бойынша IX аймақтық олимпиаданың финалы ИнЕУ базасында өтеді.
Оған мектеп және облыстың іріктеу айналымдарынан ойдағыдай өткен аудандық, қалалық және қала мен облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 9-11-сыныптарынан 108 оқушы қатысады. Финалға ең күрделі екі айналым кіреді, яғни қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдері бойынша «Сұхбат алаңы» мен «Көпшілік алдында сөз сөйлеу». Қатысушылар тілді білу деңгейін, шешендік өнері мен тақырыпты қысқаша, бірақ толық аша білу қабілетін көрсетулері қажет. Осы және басқа да дағдыларын құзыретті қазылар алқасы бағалайтын болады.
Ал полиглоттар қандай номинацияларға лайық болатынын 21 сәуірде білеміз. Олимпиада ИнЕУ-дің бас ғимаратында үлкен мәжіліс залда сағ. 10.00-де басталады.

 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Оқу 746 Время
Жаңартылды Wednesday, 20 April 2016 12:05

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)