Қазкомның атаулы шәкіртақылары

Үш жыл бұрын «Қазком шәкіртақысы» білім беру жобасы бойынша «Құс Жолы» қайырымдылық қоры студенттер үшін атаулы шәкіртақыны тағайындады. ИнЕУ – Павлодар аймағындағы осы жобаға қатысатын жалғыз ЖОО.

Биыл Қазкомерцбанкі шәкіртақысын 15 қазақстандық ЖОО-ларының 50 студенті алған, оның ішінде үшеу – ИнЕУ студенттері Паустовская Вера (дизайн), Сагиджанова Әлия (мемлекеттік және жергілікті басқару) және Масұғұтова Жайрангүл (заңтану).Биыл Қазкомерцбанкі шәкіртақысын 15 қазақстандық ЖОО-ларының 50 студенті алған, оның ішінде үшеу – ИнЕУ студенттері Паустовская Вера (дизайн), Сагиджанова Әлия (мемлекеттік және жергілікті басқару) және Масұғұтова Жайрангүл (заңтану).
ИнЕУ-де пресс-конференция өтті, сонда студенттерге атаулы білім беру шәкіртақылары туралы сертификаттарын Қазкоммербанкінің бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Ж.А. Дауылова берді. Ол "Құс Жолы" қоры 2004 жылы құрылған, оның жұмысы жоғары білім әр қазақстандық отбасыға қол жетімді болуға бағытталған деп айтты. Бұл Қазкоммерцбанкінің айқындамасы (жайғасымы), және де ол білім беру саласындағы мемелекеттік саясатқа жауап қайтарады (береді).

Әр жыл сайын білім беру жобасының ЖОО- қатысушылар және атаулы шәкіртақылардың саны өсіп жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы шәкіртақылар бойынша қаржыландыру 43 пайызға көбейді. Бір студенттің он ай оқу үшін гранттың жалпы сомасы 180 мың теңге құрайды. ЖОО-лар-серіктестерді банк өзі таңдайды.   ИнЕУ – қазіргі кезде Қазкомның атаулы шәкіртақыларын алған аймақтағы жалғыз ЖОО.

ИнЕУ ректоры, т.ғ.д., профессор А.Ю. Камербаев қордың шәкіртақыларын алған студенттерді құттықтап, ИнЕУ студенттерінің көбі грант бойынша оқып жүргенддерін атап өтті. Бұл мемлекеттік білім беру, отандық және шетел кәсіпкерлерінің, аймақ кәсіпорындарының және банктардың гранттары. Әлемдік дағдарыс жағдайында осындай әлеуметтік көмек ЖОО өміріне белсенді қатысатын студенттерге жоғары білім алуға мүмкіндік береді. «Құс Жолы» қоры тек қана экономикалық мамандықтарға оқып жатқан студенттерге емес және бүгінгі күнге еңбек нарығында қажетті техникалық және шығармашылық мамандықтарының студенттеріне де атаулы шәкіртақыларды береді. Ректордың сөзінен «Қазком шәкіртақысы» білім беру жобасы арқылы ИнЕУ студенттерінде үздік оқу үшін тағы да бір ынтала табылды.

М. КИРИЛЛОВА   Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы